banerkzbig

Қазақстан Қытайға құрғақ түйе сүтін экспорттайды

(0 Votes)

ҚазАқпарат - Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары аясында ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау мәселесі бойынша жасалған келісімдер жайында мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің басқарма басшысы Азамат Забековтің айтуынша, өткен жылы Түркістанда түйе сүтін қайта өңдейтін зауыт іске қосылған. Аталған өндіріс ошағының жобалық қуаты тәулігіне 100 тоннаға дейінгі өнімді құрайды.

«Бұл жобаның түйе шаруашылығы мен жылқы шаруашылығын дамытуда маңызы өте зор. Түйе сүтін өңдеп, кептіріп, қытай нарығына экспортқа шығару жоспарланып отыр. Жоба Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының түйе сүтін өндірушілерінің басын біріктіретін болады. Сонымен қатар Маңғыстау облысындағы түйешілеріміздің де мүмкіншілігін жұмылдыру жоспарда бар. Ол жақта сүтті құрғататын жеке цех ашу жоспарланған. Одан кейін құрғақ сүт зауытқа әкелініп, қапталып, нарыққа жеткізіледі», - деді Азамат Забеков Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, түйе сүті ұнтақ түрінде экспортқа шығарылады.

«Барлық технологиялық құрылымы қазірдің өзінде жасақталған. Жергілікті бренд те құрылды. Айталық, «Саумал« брендін Ресей нарығына шығарудамыз. Аталған өнімнің Қытай нарығындағы бағасы жоғары. Меніңше, бұл біздің фермерлер үшін қосымша табыс көзі болмақ», - деді ол.

Ведомство мәліметінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары аясында мал шаруашылығы өнімдері, сүт өнімдері жүн-тері бойынша хаттамаға қол қойылған. Қол қойылған хаттамалар қазақстандық өнімдерді қытай нарығына шығаруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig