banerkzbig

Азғыр өңіріндегі ағайынмен жүздесті

(0 Votes)

Жұмыс кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Құрманғазы ауданындағы жұмыс сапары кезінде Азғыр бойындағы Асан, Сүйіндік, Балқұдық ауылдық округтерінде болып қайтты.

Кездесуге аудандық бөлімдердің, құқық қорғау органдарының басшылары, аудандық маслихат депутаттары қатысты.

img_2509

img_2521

Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Парламенттің жұмыс барысынан хабардар етіп: - Маңызды деген екі -үш заңға тоқталатын болсам дәрілік заттар жөнінде заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Көптеген кездесулерде халық тарапынан дәріханаларда бағаның ерекше қымбат екендігі жөнінде шағымданатын. Осы мәселені депутаттардың көтеруі, үкіметке түскен арыздар ескеріліп жаңа заң қабылданды. Яғни 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, дәріханаларда сатылатын дәрілердің шектік мөлшері белгіленді. Екіншісі - халықты жұмыспен қамту бойынша қолданыстағы заңға өзгеріс енгізілді.Негізгі мақсаты бейресми жұмысқа тартылған адамдарды мемлекеттің әлеуметтік қамтылуынан тыс қалдырмау. Яғни бұл дәрігерлік қамсыздандыру тағы басқа мәселелерін шешу. Жиынтық төлем деген де төленеді. Мемлекет оларға міндетті медициналық сақтандыру қоры арқылы дәрігерлік көмек көрсетеді және зейнетақысынан басқа да әлеуметтік көмек алуына жәрдем береді.

 

img_2544

Сондай-ақ тұрғын үй қатынастары туралы заң қабылданды . Ерекшелігі «Батыр ана», «Алтын алқа», «Күміс алқа» және I-ші II-ші дәрежелі «Құрмет ордендерімен» марапатталғандарға , сол сияқты көп балалы аналарға тұрғын үй бірінші кезекте беріледі.Бұл да бұрын шешімін таппаған мәселе еді. Тіпті жергілікті әкімшілік бергісі келсе де,заңда ондай норма болмағандықтан мәселені шеше алмайтын.

img_2557

img_2617

2019 жылдың ішінде Сенат республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер енгізу туралы қосымша заң қабылдады. Оның қажеттілігі Президент Қ.Тоқаев Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы жарлық қабылдады. Бұл көмекті қандай адамдар алады деген сұрақ төңірегінде Ұлттық банк реттеуші құқықтың актісін шығарып, халыққа жариялайтын болады.

img_2625

Өздеріңіз білесіздер, 2008 жылы Азғыр – Тайсойған полигоны бойынша халықтың жағдайын жақсарту жөнінде президенттің мемлекеттік бағдарлама қабылданғаны белгілі. Бірақ ол орындалмады .Сондықтан үкіметке хат жазып,бірнеше рет депутаттық сұрау жолдап,соның нәтижесінде үлкен комиссия құрылып, қорытындысында Батыс Қазақстан облысында, Құрманғазы ауданында үлкен қоғамдық тыңдау өткіздік. Нәтижесінде үкіметтің басшылығымен комиссия құрылды,оның құрамында мен де бармын. Оның ішінде Азғыр өңірінің әлеуметтік - экономикалық , ауыз сумен қамту,адамдарды емдеу, балаларға жағдай жасау сияқты 22 тармақтан тұратын жол картасы жасалып,бекітілді. Әкімдерге, тиісті министрлікке тапсырма берілді. Жыл сайын орындалуын бақылап отырамын. Үкіметтен түскен ақпарат бойынша Азғыр өңіріне газ тартылды. Асан, Үштаған ауылында да бар.Ендігі мәселе Азғыр өңіріне 282 км шақырым жол тарту болып отыр. Бесшоқыдағы қиыршық тас шығатын орнынан бірнеше қапшық алып Алматыға зерттеуге жібердік. Бұл қиыршық тасты жолдың астыңғы төсеніш қабатына пайдалануға болады деген тоқтамға келді. Жолды салуға жергілікті жерден құжаттар дайындалса, оның құрылысына қаржыны 50% үкіметтен, 50% жергілікті жерден алуға болады деген ұсыныстармен шықтым. Тендер өткізіп, әуелі 9 сорға қиыршық тас төсеп, содан кейін бұл жоба әрі қарай іске аспақ. Сіздердің Харабайлы қаласымен екі ортадағы мәселелеріңізді шешу мақсатымен мен екі мәрте депутаттық сауал жолдағанмын. Бұл Ресей мен Қазақстан арасында Үкіметаралық комиссияның отырысында талқыланды. Екі жақтың төрағаларына тапсырма берілді.Біздің үкімет бұл жерді өткізу пунктін Котяевтегідей автомобиль өту пунктіне айналдыруға, қаржы шығаруға дайын. Ресей Федерациясының көлік министірлігі де құп көріп, қолдау үстінде.Сондай-ақ газ сіздерге міндетті түрде келеді, жарық жөнінде Ресейге тәуелдісіздер. Ол да шешімін тауып жатыр. Асанға, Үштағанға Қоянды су құбырынан суға қосу және су көлемін көбейту үшін тағы да бірнеше құдық қазу мәселесі қолға алынып отыр. Өздеріңізге мәлім облыс пен республика үшін өзекті мәселе Жайық пен Қиғаш өзенінің жағдайы. Қазір Құрманғазы ауданы бойынша Шора өзені, Ганюшкин, Новинск, Жаркаса каналдары 152км өзеннің арнасы қазылуда,-деп Жайық, Қиғаш өзендерінің түп тереңдету жұмыстарының барысынан хабардар етті.Қылмыстық кодекске өзгеріс енгізіліп, мал ұрлығы бойынша жауапкершілк күшейтілгенін қаперге берді.

img_2584

img_2643

Сенат депутаты С. Еңсегенов тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап қайтарып, ұсыныс пікірлерін тыңдады. Сондай-ақ үйіне көгілдір отын демеушілікпен тартылған Асан ауылының тұрғыны және І топтағы мүгедек Бекбол Қарайдың шаңырағына бет бұрды. Асан ауылдық округінің тұрғыны ғасыр жасынан асқан, 103 жасқа жеткен Уағиса Мұхтароваға арнайы барып амандасып, батасын алды.Балқұдық ауылдық округінде шекара заставасында, полиция бөлімшесінде болып, жағдайлармен танысты.

 

Ақтілек Абайқызы,

Құрманғазы-Асан-Сүйіндік-Балқұдық

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig