ҚазҰУ-көшбасшы!

(0 Votes)

Алғаш университетке келген кезіміз бәріміздің есімізде ғой, иә?!

Ойымызда ештеңе жоқ, әлі балалықтың иісі кетпеген тәтті кезеңдер. Аузымыз ашылып, жан-жағымызға таңырқай қарап, күнде таңертең Алатаудың құшағына сыйып, көз жетпес сұлулыққа сайып тұрған ҚазҰУ-ға, мақтанышымызға кіріп келеміз. Бәріміз студент десе, қызықты күндерімізді, жатақханадағы ұйқысыз түндерімізді елестетеміз. Әрине, тек бұл бізді студент жасап шығармайды. Бізге химия факультеті орны бөлек сезім ғой (химиктер жақсы түсінеді). Лаборатория, таусылмайтын қосылыстар, шешімі күрделі есептер, қызықты тәжірибелер. Факультеттегі әрбір кабинет, әрбір есік талай студенттің жадында (флешкасында) сақталып қалатыны сөзсіз. Бүгінде біздің факультет ұстаздары тек білім нәрімен сусындатып қана қоймай қоғамдық іс-шараларға белсене араласуға ынталандырады. Соның бірі – 3 курс «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының студенттерімен және физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының оқытушыларының жетекшілігімен ұйымдастырылған Ұлттық және Халықаралық дәрежедегі «League of Chemists» интелектуалды сайысы. Еліміздің мықты-мықты университеттерінен келген студенттер де өздерінің білімділігін кезекті рет дәлелдеп отыр десек те болады. Сонымен қызықты да тартысты сайысымыз өте көңілді әсерде аяқталды. Жастық шақтың мәңгілік мекеніне айналып, адамгершіліктің мың жылдық дәні егілген осынау факультетіміз, ондағы қызықты жылдарымыз мәңгілік есімізде қалары сөзсіз7

Әбдіраш Фариза, Химия және химиялық технология факультетінің 3курс студенті

Батырбаева А.А., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасының оқытушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521