«Қауіпсіз жол» жедел шарасы

(0 Votes)

Құрманғазы ауданы аумағының жолдарында жүргізушілер арасында көлікпен жүру тәртібін сақтау және жол-көлік оқиғаларын болдырмау, сондай-ақ жол қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Аталған шара аясында аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, жергілікті атқарушы органдармен бірлескен рейдтер ұйымдастырылды. Жол қозғалысын қадағалаушы патрульдік полиция жасақшаларының тығыздығы арттырылды.

24-25 шілде аралағында ЖПІШ нәтижесімен 43 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдалану -2, қауіпсіздік белдігін тақпау - 6, балаларды арнайы ұстау немесе қауіпсіздік белдігінің көмегімен отырғызып қоюға мүмкіндік беретін құрылғысыз 12 жасқа дейінгі балаларды тасымалдау -1, маневр ережесін бұзу -4, жаяу жүргіншіге басымдық бермеу -2, масаң күйде көлік құралын басқару -1, басқаруға құқы жоқ адамның жүргізуі - 6, көлік айдау құқынан айырылған адамның рөлге отыруы - 4, жаяу жүргіншілердің жол жүрісі қағидаларын бұзуы - 8. Барлығына да заң аясында тиісті шаралар қолданылды.

Құрманғазы аудандық полиция бөлімі жол-патрульдік полиция бөлімшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521