banerkzbig

Аудандық комиссия «үздік» атанды

(0 Votes)

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысы селекторлық режимде өтті.

Оны комиссия төрағасының орынбасары, облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жансұлу Төремұратова жүргізіп, күн тәртібімен таныстырды. «Жоспарға сай кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссиялардың жұмысы туралы Жылой ауданы әкімдігінің хабарламасы тыңдалды. Облыстық комиссия мүшесі Г.Сәдуақасова құқынан шектелген және айырылған ата-аналармен қандай жұмыстар жүргізілгенін сұрап, балалардың бүгінгі тағдырына алаңдаушылық білдірді.

Комиссия төрағасы Ж.Төремұратова өзіне-өзі қол жұмсау мәселесі Жылой ауданында өзекті болып табылатынын, баланың құқын қорғау әрдайым күн тәртібінен түспейтінін ескертіп, әсіресе қауіпті топта тұрған жасөспірімдермен жұмысты қатаң қадағалауды тапсырды. Облыстық «Ең үздік кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия» сырттай байқауының қорытындылары туралы білім беру басқармасының бөлім басшысы Алмагүл Бахқызы хабарлама жасады. Ол Атырау қаласы мен 7 ауданға қарасты аталмыш комиссия жұмысын саралап, жыл ішінде тексеріс жүргізген облыстық прокуратураның ұсыныстары мен ескертпелерін қаперледі.

Одан әрі хабарламашы хаттамалардың орындалысына, құжаттардың жинақталуы мен талапқа сай рәсімделуіне тоқталып, жалғыз ғана Құрманғазы ауданы бұл жұмысты 100 пайызға орындағанын алға тартты.

Сонымен қатар, осы жылдың қазан айында келген ҚР Президент әкімшілігімен бекітілген балалардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша өңірлердегі жұмыс жағдайын зерделеу сараптамалық тобының тексерісімен Құрманғазы және Исатай аудандарының комиссия қызметіне оң баға берілгендігін жеткізді.

Сырттай байқаудың қорытындысымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі Құрманғазы аудандық комиссиясы ең жоғары ұпай жинап, үздік атанды.

Комиссия төрағасының орынбасары Жансұлу Төремұратова бұл ауданда мәжілістің әр отырысы үнемі баспасөз бетінде жарияланатыны туралы ерекшелігін атап өтіп, аудандық білім бөлімінің басшысы, комиссия төрағасының орынбасары Гүлфара Құбаеваға алғыс хат табыстады.

Одан әрі, күн тәртібіне сай кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның 2020 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

А.Шакупова

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

strakhovaniya

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Айнагүл Шакупова

Шакупова Айнагүл
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


zairov

Зайров Қуаныш Ахылбайұлы
- Бет құрушы


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig