banerkzbig

Аудан әкімінің қабылдауы

(0 Votes)

Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай аудан әкімі Бибоз Шаяхметов аудандағы баспасөз қызметкерлерін, «Қазақстан-Атырау» телеарнасының аудандағы редакторы мен операторын, Құрманғазы желілік-техникалық учаскесінің ұжымын қабылдады.

– Жаһандану кезеңінде күнделікті ағып жатқан ақпарат ағынында туындаған ойларыңызды, қалың бұқараның пікірі мен ұсыныстарын билікке жеткізіп, ал биліктің атқарып жатқан игілікті істерін халыққа таратып, билік пен бұқара арасында «алтын көпір» болып жүргендеріңіз анық. Еліміздегі тыныштықты сақтауға, қоғамдағы тұрақтылықты қалыптастыруға сіздердің қосатын үлестеріңіз зор. Әрбір сәтті қалт жібермей қалам ұшына іліктіріп, өз мамандықтарыңызды адал атқарып келесіздер. Өздеріңіз таңдаған мамандықтарыңыздың талабына сәйкес тынымсыз ізденіп, таланттарыңыздың сан қырын аша білдіңіздер. Мерейлі сәттеріңіз көп болып, әлі де талай биік-белестерді бағындыра беріңіздер, - деп аудан әкімі Бибоз Шаяхметов «Серпер» газеті және Құрманғазы желілік-техникалық учаскесінің ұжымына Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Бүгінде жемісті еңбек етіп келетін, өз ісінің үздіктері атанған байланыс және ақпарат саласының майталман мамандары А.Нәжімов, Г.Сәрсекеева, А.Төреханқызы, Б.Ерғалиев, Р.Достанов, Г.Бурмашева, Б.Досқалиеваға да осындай құрмет көрсетілді. Аудандық мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов жүрекжарды лебізін білдіріп, Мадат Сәрсекеев, Асқар Ғұмаров сынды ардагер журналистерді және Құрманғазы желілік-техникалық учаскесінің қызметкерлері Нұржан Байтеміров, Нұрлыбек Боқановты Құттықтау хаттарымен марапаттады. Өз кезегінде «Серпер» газеті бас редакторының орынбасары Қанат Ғұмаров осындай ілтипат көрсетіп жатқан аудан әкімдігіне зор ризашылығын білдірді.

А.ШАКУПОВА.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig