banerkzbig

Атыраулық дәрігерлер көлік апатынан жарақат алған адамды мүгедектіктен құтқарып қалды

(0 Votes)

Жол апатынан соң, омыртқасына зақым келіп, жүре алу мүмкіндігінен айырыла жаздаған жігітті атыраулық дәрігерлер аман алып қалды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жылыой ауданында болған жол-көлік оқиғасынан кейін жігіт дереу аудандық ауруханасына жеткізіледі. Омыртқа-жұлыны сынып, жамбасына зақым келген, миы шайқалып, өкпесі қысылған - деген. Одан бұрын, науқас денесінің белінен төмен бөлігін сезуі уақыт өткен сайын төмендей береді. Дереу тиісті ота жасалмаса, жағдайдың қиын болатының түсінген дәрігерлер, науқасты облыс орталығына Атырау облыстық ауруханасына жеткізеді.

- Науқастың омыртқасына күрделі ота жасалды. Оң жақты гемотаракс, оң жақтан Бюлау бойынша дренаж жүзеге асырылды. Сәтті жасалған отадан соң, науқастың жағдайы жақсарды. Динамикалық жақсару байқалғаннан кейін, науқас нейротравматология бөлімшесіне ауыстырылып, кейін амбулаториялық ем қабылдау үшін ауруханадан үйіне шығарылды. Жас жігіттің өмір бойы мүгедек болып қалу қаупі болды. Бірақ, дер кезінде жасалған тиісті отадан соң, бүгінде оның өмірі мен денсаулығына алаңдайтын ештеңе жоқ - дейді, облыстық аурухананың нейротравматология бөлімінің дәрігері Еркін Ербулеков.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ашық дереккөз

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig