banerkzbig

Атыраудың жанашыр тұрғындары көпбалалы анаға үй салып берді

(0 Votes)

Атырау маңындағы Еркінқала елдімекенінде волонтерлер көпбалалы отбасыға үй салып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа баспананы Атыраудың жанашыр тұрғындары үш ай ішінде салып бітірді. Бұл үй Мейрамгүл Әмірғалиева мен оның төрт баласына арналған. Үйдің жалпы аумағы - 105 шаршы метр.

9

«Баспананы жылдың басында - ақпан айында тұрғыза бастадық. Көпбалалы анаға көмек ретінде ақша жинауға тек Атырау өңірі ғана емес, Қазақстанның басқа да аймақтарының халқы зор үлес қосты. Құрылыс материалдарын алуға жергілікті кәсіпкерлер көмектесті. Үй толығымен отандық құрылыс материалдарынан салынған. Үйдің іші кең, жылы, жарық, барлық инженерлік коммуникация жеткізілген, құжаттары бар. Біз, сонымен қатар, қажетті жиһаз бен тұрмыстық техниканы да сатып әпердік. Енді тек үйдің айналасын қоршау ғана қалды. Қазіргі таңда ақша жинауды тоқтаттық», - дейді жергілікті кәсіпкер Асхат Бағыт.

3

Осы уақытқа дейін Мейрамгүл балаларымен бірге жалдамалы шағын үйде тұрып келді. «Жұмысқа шыға алмаймын, өйткені үлкен ұлым мүгедек. Кішкентай күнінде сал ауруына шалдыққан. Оған жан-жақты күтім керек. Одан кіші балаларым мектепте оқиды. Мүгедек баланы қарап отырғаным үшін мемлекеттен жәрдемақы аламын, сондай-ақ, көпбалалы ана ретінде алатын жәрдемақым бар - барлығын қосқанда табысым 80 мың теңгеден аспайды. Бұрынғы күйеуім ауру, бізге көмектесетін шамасы жоқ. Ақша жинап, жаңа үй тұрғызуға үлес қосқан барша жандарға алғысым шексіз», - дейді Мейрамгүл Әмірғалиева.

7

Атырау әкімінің орынбасары Ұлықбек Тінәлиевтің сөзінше, бүгінде аймақта көпбалалы аналарға мемлекет қана емес, жалпы, қоғам өкілдері - меценаттар, волонтерлер және кәсіпкерлер де ерекше көңіл бөліп отыр.

e

Атырауда 1088 - «Алтын алқа», 1559 - «Күміс алқа» иегері тұрады. Жалпы, өңірде төрт баладан артық перзент тәрбиелеп отырған 5296 ана бар.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig