banerkzbig

Атырауда Рахымжан Отарбаев атындағы ІІІ республикалық театр фестивалі басталады

(0 Votes)

Бүгін театр фестивалінің ашылу салтанаты аясында баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жиынға КСРО Халық әртісі, Еңбек Ері Асанәлі Әшімов бастаған театр майталмандары, қоғам қайраткерлері мен Рахымжан Отарбаевтың жанұясы қатысты.

rakhymzhan1

- Бұл өте ауқымды, мәдени іс-шара. Өйткені, әдебиет пен мәдениетке теңдей үлес қосқан Рахымжандай перзентін елі ұмытпауы керек. Ол Қазақстанды ғана емес, алыс-жақын шет мемлекеттерді мойындатқан санаулы суреткердің бірі. Бүгін оның рухына ас берілді, енді міне жалғасы үлкен шараға ұласып жатыр. Ұмытпай, елеп-ескерген үлкен-кішіге алғысым шексіз, - деді Асанәлі Әшімов.

shimov

Сондай-ақ, жиын барысында автордың «Бас», «И был я подобием твоим...», «Плач Чингисхана» туындылары мен Рахымжан Отарбаевқа арналған «Аңыз адам» журналының қараша айындағы санының тұсауы кесілді.

rakhymzhan2

18-22 қараша аралығында Атырау жұртшылығына көрсетілетін мәдени шараға еліміздің 9 шығармашылық ұжымы қатысады. Олардың өнерін сараптаушы қазылар алқасының төрағасы – КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов, Есмұхан Обаев және Сердеш Қажымұратұлы, Талғат Теменов, Ұларбек Нұрғалымұлы, Айзат Қыдыралиева мен Қаракөз Рахымжанқызы қазылар құрамы болып бекітілген.

rakhymzhan4

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет:ӨКҚ

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig