banerkzbig

Атырауда Конституция күніне орай Исатай-Махамбет атындағы орталық алаң ашылады

(0 Votes)

Мұнайлы астанада Конституция күні қарсаңында облыс орталығының қонақтары мен тұрғындары үшін бірқатар іс-шаралар жоспарланған, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ауқымды реконструкциялық жөндеуден өткен орталық алаң 29 тамыз күні, сағат 20.30-да салтанатты түрде ашылады. Концерттік бағдарламаға Д.Нұрпейісова, Н.Жантөрин және Құрманғазы атындағы мәдени ошақтардан академиялық оркестр ұжымдары қатысады. Сонымен қатар, 29 тамыз, сағат 16. 00-де Махамбет Өтемісов атындағы облыстық академиялық драма театрында, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Конституция – еліміздің тірегі» атты гала-концерті өтеді.

Шараның басты қонағы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, эстрада және опера әншісі Толқын Забирова. Келесі күні, 30 тамызда 19.00-де Ретро-саябақта «Тәуелсіздік тірегі - Ата Заңым» атты мерекелік концерт өтеді.

Бұған дейінгі іс-шаралар төменде көрсетілген кестеге сай, ауылдық округтерде және қаланың кітапханаларында ұйымдастырылады.

26 тамызда сағат 10.00-де Жаңаталап ауылында «Конституция - ол біздің бугініміз бен ертеңіміз» атты көрме-панорама;

27 тамызда сағат 11.00 - Геолог к / зінде «Ардың шыңы – Ата Заң» атты дөңгелек үстел;

27 тамызда сағат 15.00 - Бесікті ауылында «Ата Заң - Алаш мұрасы» поэзия кеші;

28 тамызда сағат 11.00 - №1 қалалық орталық кітапханада «Конституция - заңдылықтың кепілі» атты құқықтық сауаттылық сабағы;

28 тамызда сағат 11.00-де №2 қалалық орталық кітапханада «Ата Заңым - ардақтым» атты кітап көрмесі және «Айбарым, асқар елді асқақтатар Ата Заң» қойылымы;

29 тамыз сағат 11.00 - Еркінқала а / к-да «Конституция - азаттықтың айшықты айнасы» тақырыптық кеші;

30 тамызда 11.00 - Бірлік ауылында «Конституция - азаттықтың айшықты айнасы» атты дөңгелек үстел өтеді. Мерекелік іс-шаралар сериясын аяқтай отырып, 1 қыркүйекте сағат 18.00-де Исатай-Махамбет алаңында қазақстандық мұнайдың 120 жылдығына орай «Open air- 2019» заманауи музыка фестивалі өтетінін хабарлаймыз! Кеш қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтеді.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig