banerkzbig

Атырауда гүлзар бақтар көбейді

(0 Votes)

Облыс орталығындағы Азаттық, Әбілхайыр хан және Сәтбаев даңғылдарында орамды гүлзар пайда болады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Биыл қала көшелерін көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Атап айтсақ, көктем мен жаз мезгілдерінде 12 мың шаршы метр жерге бірнеше мың гүл егілді. Олар: раушан, петуния, тагетис, цинерария, портулак, сальвия.

Сондай-ақ, барлық көшелер мен саябақтарда ағаштарды әктеу, бағаналар мен арықтарды жөндеу, талдарды суару және 40 мыңға жуық ағашты баптау жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, 3000-нан аса ағаш пен 700 метр ағаштан тұрғызылған қоршау отырғызу жобасы да әзірленуде. Жаңадан отырғызылған ағаштар Тайманов пен Байжігітов көшелерінде, ал қоршау Сәтбаев даңғылының бойында кей бөліктерінде бой көтереді. Бұл жұмыстар алдағы күз мезгіліне жоспарланып отыр.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig