banerkzbig

Атырауда "Қазбат" фильмінің жабық көрсетілімі өтті

(0 Votes)

Фильм шынайы оқиға желісімен түсірілген, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Туындыда 1995 жылғы көктемде Қазақстан Республикасының Тәжікстанда болған қақтығыста бітімгерлік миссиясын атқару кезінде орын алған оқиғалар туралы суреттеледі. 1995 жылғы 7 сәуірде ҚР Ішкі әскерінің 7-ші жиынтық ротасы Пшихавр шатқалында торуылға тап болып, іргелес жақтың содырларымен теңсіз ұрысқа түсті. Сол ұрыста 17 адам қаза тауып, 33 адам жараланды. Ауғаныстан жақтан шабуыл жасаған Тәжікстандағы заңсыз оппозицияның содырлары бір сағат ішінде Тәжікстан аумағына кіруді ойлаған. Бірақ күшті қарсылыққа тап болып, бес сағатқа созылған ауыр ұрыстан соң артқа шегінуге мәжбүр болды.

- Олар 20-ға толмаған жас жеткіншектер болса да жауға дес бермей, ерлік пен батырлықтың нағыз үлгісін көрсете білді. Бұл олардың отанына адалдығын, отансүйгіштігін дәлелдейді.Бұл фильмнің басты мақсаты – өскелең ұрпаққа қазақстандық жауынгердің ерлігі мен батылдығының үлгісін көрсету. Олардың ерлігі халық жадында мәңгі сақталады, - дейді Тәжік-Ауған шекарасы ардагерлері одағы қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының төрағасы Қанат Қадырқұлов.

Айта кетейік, көркем фильмнің алғашқы ресми қойылымы еліміздің барлық кинотеатрларында бүгін, яғни 21 қараша күні шығады. Фильмнің телевизиялық нұсқасы 2020 жылы 7 сәуір күні тәжік - ауған шекарасында болған оқиғаның 25 жылдығына орай "Qazaqstan” телеарнасында көрсетіледі.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет:ӨКҚ

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig