banerkzbig

Атырау спортшылары ерледі

(0 Votes)

16-23 қыркүйек күндері Иран Ислам Республикасында каратэден халықаралық "Urmia Open" турнирі өтті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Әлемнің мықтылары қатысқан сайыста атыраулық спортшы, жасөспірімдер Олимпиада ойындарының жүлдегері Әбілмансұр Батырғали бақ сынап, 67 келі салмақта ересектер арасында қола жүлдеге ие болды.

2

Әбілмансұр Әзірбайжаннан келген қос спортшыны және Армения, Иран, Өзбекстан спортшыларын ұтып, жартылай финалда ирандық спортшыға есе жіберіп алды.

3

Ал 16-17 жас аралығында 61 келі салмақта тағы бір жерлесіміз Нұрсұлтан Қалиев алты кездесу өткізіп, жарыс жеңімпазы атанды. Ол іріктеу кезеңдерінде Иранның үш спортшысын және Түркия мен Әзірбайжан спортшыларын ұтып, ақтық сында тағы бір ирандықты қапы қалдырды.

4

Айта кетейік, енді қос спортшымыз әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет:ӨКҚ

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig