Атырау облысында биыл 232 тегін грант бөлінді

(0 Votes)

Атырауда жоғарғы білім алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен биылғы жылы 232 грант бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Білім басқармасының мәліметінше, гранттар жергілікті бюджет қаражаты есебінен кадрлардың қажеттіліктерін ескере отырып, нақты мамандықтар бойынша облыстың жоғары оқу орындарында конкурстық негізде тағайындалады. Биыл гранттар білім беру, денсаулық сақтау, ветеринария, балық шаруашылығы, дінтану, мемлекеттік аудит, ақпараттық технологиялар және т.б. салаларға бөлінуде. Айта кетейік, 2017 жылы Атырау облысында студенттер алғаш рет жоғары оқу орындарында жергілікті бюджет есебінен білім алуға мүмкіндік алды. Барлығы 222 білім гранты бөлінді. Олардың ішінде 178 оқытушы, 35 дәрігер және 9 ветеринарлық мамандық бойынша студенттер. Білім гранттарының иегерлері Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтті.

2018 жылы 230 болашақ жас маман жергілікті бюджет есебінен жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндік алды. Олардың ішінде 149 - педагогикалық мамандық бойынша, 56 - медициналық, 9 - ауылшаруашылық саласында, 2 - жеңіл өнеркәсіп өнімдері мен технологиялары, 14 - автоматика және басқару мамандығын оқыды.

Сонымен қатар, 16 студент «Аймақтық экономиканы дамыту бағдарламасы» және «Жер пайдалануды басқару» бағдарламалары бойынша магистрлерді даярлау үшін білім грантының иегері атанды. Сондай-ақ, биыл ҚР Үкіметі 2019-2020 оқу жылына көпбалалы отбасылардың балалары мен атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін 220 қосымша білім беру грантын бөлді. Білім беру грантын беруді жергілікті атқарушы органдар «бакалавр» немесе «магистр» ғылыми дәрежесін бере отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім үшін ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесіне сәйкес жүзеге асырады. Конкурсқа өтінішті 5 және 10 тамыз аралығында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде қабылдайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521