banerkzbig

Атырау облысы Жылыой ауданындағы Желтау жотасында табиғи саябақ жасау жоспарлануда

(0 Votes)

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев Жылыой ауданындағы табиғи саябақ құру жоспарланып отырған Желтау жотасы мен Шөлқара қыратына барды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Айта кету керек,табиғи саябақ құру жобасы әзірленіп жатыр. Биоалуантүрлілікті сақтаудың қазақстандық және шетелдік орталықтары екі рет экспедиция жасаған. Қазақстандық биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы Желтау жотасы мен Шөлқара қыратына зерттеу жұмыстарын жүргізген.

Жобалық аумақ біраз жылдардан бері бай табиғатымен мамандардың назарын аударып келеді, сондай-ақ, маңында Ортатау қорымы, мешіт секілді қасиетті орындар бар. Экспедиция барысында Атырау облысы үшін ғана емес, Қазақстан үшін құнды саналатын деректер анықталды.

Бұл жерде табиғи саябақ-қорық жасау бастапқы қалпын сақтап қалуға мүмкіндік береді. Аймақ басшысы Шөлқара мен Желтауды автокөлікпен,тікұшақпен қарап көріп, табиғи саябақты салу идеясын мақұлдады. Құзырлы органдарға болашақ саябақтың шекарасын анықтап, жер иелеріне қатысты мәселені шешуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig