Атырау облысы әкімінің аппарат басшысы мен орынбасары тағайындалды

(0 Votes)

Бүгін, 16 қыркүйекте өңір басшысы Нұрлан Ноғаев облыс активіне аппараттың жаңа басшысы мен өзінің орынбасарын таныстырды,- деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Әкімнің жаңа орынбасары мен аппарат басшысы басқа жұмысқа ауысып кеткен Нұрлан Таубаев пен Ернар Баспаевтың орындарына тағайындалды. Нұрлан Ноғаев өз сөзінде олардың жақсы қызметіне ризашылығын білдіріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестерін атап өтті.

41f0afe9-3182-4c07-ac75-c43d32f2e8d7

Атырау облысы әкімінің орынбасары болып жаңадан тағайындалған Жұмабай Қарағаев бұған дейін Мақат ауданының әкімі болды. Губкин атындағы Москва университетінің түлегі, техника ғылымдарының кандидаты Жұмабай Қарағаевтың мемлекеттік қызметте, сондай-ақ, жеке меншік секторда 19 жыл еңбек өтілі бар. Әр жылдарда Атырау және Маңғыстау облыстарында бірқатар жекеменшік компанияларды, Атырау қаласы әкімдігінің ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін басқарды. Атырау қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет етті. Атырау облысы Мемлекеттік сатып алулар басқармасына, Атырау облысы Энергетика және ТКШ басқармасына басшылық етті. 2018 жылдың мамыр айынан бүгінгі күнге дейін Мақат ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарды.

06e50b83-9445-4c31-b3ab-7ad6f9307b44

Атырау облысы әкімі аппаратының жаңа басшысы Дәурен Бектұрғанов бұған дейін аппарат басшысының орынбасары болып жұмыс жасады.

e47515d7-df71-444c-9746-74d56d5d6453

Дәурен Бектұрғанов Қазақ мемлекеттік заң университетінде білім алған, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыған – Роберт Гордон атындағы университеттің (Ұлыбритания) магистрі. Еңбек жолын Астанадағы «Заң сараптамасы орталығы» («Центр юридической экспертизы») ЖШС-де заңгер болып бастаған. 2006-2007 жылдарда «Қазмұнайгаз-Сервис» ЖШС-де маман, әкімшілік-әлеуметтік жұмыстарының менеджері, 2007-2012 жылдары -«Қазмұнайгаз» ҰҚ АҚ-ның бас маман-менеджері лауазымдарында қызмет еткен. 2014-2015 жылдары жекеменшік компанияда директордың құрылыс жөніндегі орынбасары болды. 2015-2017 жылдары ҚР Президентінің протоколында сарапшы, кеңесші лауазымдарында жұмыс жасады. 2017 жылдың тамыз айынан бастап Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

Нұрлан Ноғаев екі жаңа басқарушының мол қызмет тәжірибесін атап өтіп, бұл олардың өз міндеттерін ойдағыдай орындауына көмектеседі деп сенім білдірді. Аталған тағайындаулар ҚР Президенті әкімшілігімен келісілді.

 

Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521