banerkzbig

Атырау-Астрахан трассасын қалпына келтіруге итальяндықтар да қатысады

(0 Votes)

Еуропалық қайта құру және даму банкі Атырау-Астрахан трассасын қалпына келтіруге қарыз беруге келісім берді.

Бұдан бұрын банк сайтында автокөлік жолдарын басқару жөніндегі қазақстандық ұлттық оператор - «ҚазАвтоЖол» АҚ Ақтөбе-Атырау-Астрахан трассасының 217 шақырымын (616-833 шақырым) қалпына келтіруге 260 млн доллар көлемінде несие алу үшін банкке жүгінгені туралы хабарлама жарияланғанын хабарлаған болатынбыз.

Енді келісімге қол қойылды. Бұл туралы «АЖ»-ға «ҚазАвтоЖол» АҚ Атырау филиалының директоры Серік КЕРІМҚҰЛОВ хабарлады. 4 мердігер анықталды: итальяндық «Todini», түріктің «Ант Иншаат» және осы жолдың 60 шақырымын салып жатқан "Сине Мидас Строй" (Түркия) мен «АтырауИнжСтрой».

- Жыл соңына дейін ЕҚДБ 15% көлемде аванс беруі тиіс, содан кейін мердігерлер дайындық жұмыстарын бастайды, ал келесі жылы негізгі жұмыстар басталады. Қалпына келтіру жұмыстары 2020 жылдың соңында аяқталады деп жоспарлануда,- деді Керімқұлов.

Керімқұлов қарыздың нақты мөлшерін атаған жоқ, бірақ оның айтуынша, «бұл бастапқыда сұралғаннан аз емес». Қалған қаражат аяқталған жұмыс үшін ай сайын бөлінеді.

«Тоdini» Қазақстанда 2006 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын және Астана-Бурабай, Алматы-Қапшағай, Алматы-Қорғас, Нұр-Сұлтан-Алматы бағыттарындағы трассаларды салғанын атап өткен жөн. «Ант Иншаат» компаниясы жақында қазақстандық «Ақжол» компаниясымен бірлесе отырып, Доссор кенті маңындағы Ақтөбе-Мақат жолын (17 шақырым) қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

azh.kz

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig