«Атырау - адалдық алаңы» ауданымызда

(0 Votes)

«Атырау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өкілдері өз жұмыс жоспарларына сай қызметтерін насихаттау және халыққа таныстыру мақсатында ауданымыздың бірқатар ауылдық округтерінде болды.

Құрманғазы ауылдық округінде өткен жиында білім саласына жауапты қызметкері Ания Төлешова жыл басында құрылған жобалық кеңсенің атқарған жұмыстарынан хабардар етіп, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, жолын кесу бағыттарында түсініктер берді.

- Жобаның негізгі міндеттері сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, азаматтар және бизнес үшін кедергісіз және қолайлы жағдайлар жасау, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы, жариялылығын қамтамасыз ету, ауқымды қоғамдық бақылауды ұйымдастыру болып табылады. Әр сала бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасалынып, мемлекеттік қызметшілермен қатар, қоғамдық бірлестік, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері бірлесіп жұмыстар жүргізілді. Жоба тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мен азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауды, қоғамдық бақылауды жүзеге асыруды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды көздейді, - деген баяндамашы облыс көлемінде ақылы тестілеу, баланы үйден оқыту, оқу процесінің бұзылуы, жөндеу жұмыстарына мұғалімдер мен тәрбиешілерді, ата-аналарды заңсыз тарту фактулері орын алғандығын нақты мысалдармен айтып берді. 

img_3796

Мұндай кездесулер ауданның 16 округінде өтіп, тұрғындар жобалық кеңсенің әлеуметтік қамсыздандыру саласына жауапты қызметкері Самал Жексенғалиеваға мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп тұруына кедергілер, ақылы медициналық анықтамалардың бағасының қымбаттығы жайындағы сауалдарын қойды.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521