«Ата заңым - алтын қазығым»

(0 Votes)

Осындай тақырыпта С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде Конституция күніне орай салтанатты жиын өтті.

Шараны белгілі өнерпаздар Гүлбақыт Ермұратова мен Нұрболат Исаев ашып, асқақ рухты жырдан шашу шашты. Бір мезеттен соң Әнұран шырқалып, жиналған жұртшылық мемлекеттік рәмізімізге қошемет көрсетті.

Сахна төріндегі үлкен экраннан тәуелсіз қазақ елінің 1993 жылғы алғашқы Конституциясының өмірге келуі, 1995 жылғы бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған қазіргі қолданыстағы конститутцияның халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алуы, өміршеңдігін дәлелдеген тұғырлы қағидаттары, Ата Заң аясындағы еліміздің гүлденуі бейнефильмнен көрініс берді. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылғы «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға жария түрде қол қою рәсімінде сөйлеген сөзі назарға берілді. Құттықтау сөз алған аудан әкімі Бибоз Шаяхметов аудан тұрғындарын құттықтап, мемлекеттік мерекеге орай марапаттау рәсімін жасады. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 8 тамыздағы Жарлығы бойынша Құрманғазы ауылдық округінен Мәмбетова Тілекші «Алтын алқа», Құрманғазы ауылдық округінен Молдашева Алмагүлге, Жаңа талап ауылдық округінен Кнасипова Жаңылсынға, Орлы ауылдық округінен Оразымбетова Гүлжанға, Байда ауылдық округінен Құталиева Зәурешке «Күміс алқа» алқаларын мойындарына тақты. Жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы еселі еңбегі үшін аудандық мәслихаттың депутаты Рифхат Сұлтанияевке «Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы» атағының белгісін, көк лентасы мен куәлігін табыстады.

Білім беру мен денсаулық саласындағы озық қызметтеріне орай ардагер Марданова Сәуле, Бегәлиева Сәулеш, Утера дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Нажимов Вячеслав, орталық аурухананың акушер-гинекологы Даржанова Ғалия, Жыланды дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Мырзағалиева Бибігүл, облыстық өкпе аурулар санаториясы кәсіподақ комитетінің төрайымы Нысанов Жазира ауданның Құрмет грамотасымен марапаттады. Аудан әкімінің Алғыс хатына аудандық мәдениет үйінің диекторы Мусина Анар, Құрманғазы жалпы орта мектебінің мұғалімі Шамшиденов Нұрсәулет ие болды.

Марапатталушылар атынан Р.Сұлтанияев сөйлеп көрсетілген құрмет үшін ризашылығын білдірді. Келесі кезектерде Құрманғазы ауылдық округі ардагерлер ұйымының төрағасы Қадірбай Жармұханбетов, жас маман, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектептің мұғалімі Тахмина Өтемұратова құттықтау тілектерін арнады. Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласып, «Жиделі» фольклорлық ансамблі(көркемдік жетекшісі Т.Зайнуллин), термеші Т.Қажыгереев, күйші А.Жахина, әншілер Г.Жұмалиева, Е.Төлеуов, Жанби, айбибі Елемесовтер, М.Мәмбетов өнерлерін көрсетті.

А.НӘЖІМОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521