banerkzbig

Астанадан медаль тағып қайтты

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Қазынашылық комитетінің құрылғанына 25 жыл толуына орай Астана қаласында салтанатты жиын өтті. Оған облыстық департамент және аудандық басқармалардың басшыларымен бірге сала ардагері Абдрахим Абдуллин қатысып қайтты.

Ұзақ жыл ауданымызда есеп, қаржы саласында жемісті еңбек еткен Абдрахим Абдоллаұлы елімізде алғаш құрылған осы қызметтің бастауында тұрды. 1994-2009 жылдар аралығында аудандық қазынашылық басқармаға басшылық жасады. Еліміздің нарықтық қатынасқа көшу кезіндегі қиындықтар мен қаржылық дағдарыстар кезінде кәсіби біліктілігімен көзге түсті. Құзіретіне кіретін республикалық және жергілікті бюджеттің мақсатты игерілуі, мемлекеттік мекемелердің шоттарын, аударым операцияларын жүргізу сияқты сан салалы жұмыстарды жауапкершілікті жете сезініп атқарды. Қызметіне қылау түсірмеген азамат абырой биігінде құрметті зейнеткерлікке шықты.

Осындай елеулі еңбегіне орай А.Абдуллин салтанатты жиында ҚР Қаржы вице-министрі Б.Шолпанқұловтың қолынан «Еңбек ардагері» медалін алды. Сондай-ақ, осы шара үстінде аудандық Қазынашылық басқармасының бас маман-бас қазынашысы Райхан Қабиева ҚР Қаржы министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталғандығы атап өтілді.

Аудандық Қазынашылық басқармасының басшысы Балағазы Иманғалиев жұмысалды лездемеде ұжым мүшелерінің қатысымен марапатты иесіне табыстады. Медаль иегері Абдрахим Адоллаұлына да қошеметін көрсетті. Ізбасар әріптестері алдында сөз сөйлеген ардагер аға 2004 жылы Қазынашылық комитеттің құрылғанына 10 жыл толу салтанатына да қатысқандығын айтты. – Арада өткен 15 жыл Астананы адам танымайтындай өзгерткен екен, таңқалғанымды жасыра алмадым. Бұл Елбасының өлшеусіз еңбегі деп білемін. Әсем ғимараттардың көпшілігінде болдым, Атыраудың тартуы ғажайып көпір мерейімді көтеріп тастады. Илайым Елордамыз күннен-күнге көркейе берсін. Салтанат кезінде өзге өңірлерден келген әріптестеріммен жүздескеніме де қуаныштымын. Кезінде қызметті өзіммен бірге бастаған Әлия Сәтековаға, Жұмағилым Ележановаға, Светлана Әміроваға, Жания Қисамеденоваға, кейінгі толқын сіздерге рахметімді айтамын, - деп бүгінгі ұжым мүшелері Аделя Нұрмағанбетова, Рая Қаженова, Қалампыр Адилова, Райхан Қабиева, Мәншүк Ғұмарова, Ақмарал Нұржановаға аға буынның салып кеткен ізін лайықты жалғастыруды тілек етті.

А.НӘЖІМОВ.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig