banerkzbig

Қашықтан байланыс уақыт үнемдейді

(0 Votes)

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) мен құпиясөз немесе электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы кез келген уақытта www.enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетке кіріп, зейнетақы жинақтарының жай-күйін, табыстылығын көруге болады.

Ұялы қосымшаны Android және iOS базасында жұмыс істейтін кез келген смартфон немесе планшетке тегін жүктейді. Пайдаланушыларға ыңғайлы болуы үшін бұл қызмет қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді. Салымшылар ENPF ұялы қосымшасы арқылы зейнетақы шоттарының жай-күйін, зейнетақы жинақтарын төлеу жөніндегі өтініштің орындалу барысын, зейнетақы жүйесіндегі барлық өзгерістерді, Қордың жақын жердегі кеңсесінің мекенжайын анықтап, байланыс орталығына хабарласа алады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен Қор қызметі туралы барлық сұрақтар бойынша жауап алу үшін БЖЗҚ байланыс орталығының 1418 нөміріне хабарласуға, Қор сайты арқылы тиісті нысанды толтырып, кері қоңырау шалуға тапсырыс беруге болады. Қор мамандары өтініште көрсетілген уақытта барлық сұрақтарыңызға жауап береді. Бұдан басқа Қор сайты арқылы жазбаша түрде сұрақ қойып, жауап алуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, онлайн кеңес беруші қызметі арқылы да онлайн тәртібінде ақыл-кеңес алуға болады.

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрмановтың жеке блогы арқылы салымшылар Қор басшысына, What’s Арp сервисі арқылы +7 777 000 1418 нөмірі бойынша Қор маманына хабарласып, өзіңізді қызықтырған ақпаратты ала аласыз.

Telegram-bot қызметі арқылы зейнетақы шотыңыздан кішігірім үзінді көшірме алып, оны электронды поштаңызға жібере аласыз. Осы сервистің көмегімен Жеке кабинетке арналған пароліңізді қалпына келтіріп, Қордың маңызды жаңалықтарымен және ағымдағы көрсеткіштерімен танысып, жақын маңдағы кеңсесінің мекенжайын анықтауға да болады.

Қашықтан байланысу арналарын дамыту уақытты үнемдеп қана қоймай, сонымен қатар қазіргі жастарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тартуға септігін тигізеді. Қордың «Одноклассники», «Facebook», «В контакте», «Twitter» және «Instagram» әлеуметтік желілерінде ресми парақшалары жұмыс істейді. Осылайша Қордың қашықтықтан байланыс жасау арналарын пайдалана отырып, салымшылар мен алушылардың жинақтары туралы мәліметтерді қоспағанда, БЖЗҚ қызметтері мен жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы ақпараттар және ақыл-кеңестер алу мүмкіндігі бар.

Л.ХАРЕСОВА,

аудандық қызмет көрсету орталығының басшысы

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig