banerkzbig

«Ашық есік» күні

(0 Votes)

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық жұмыспен қамту орталығы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыру бойынша ашық есік күнін өткізді.

Аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Базарбай Өтеулиев аталмыш бағдарламаның 3 бағыты жөнінде толыққанды түсінік беріп, техникалық кәсіптік білім беру, қысқа мерзімді курстарға оқытуға берілетін жолдамалар, мемлекет тарапынан қарастырылған жеңілдіктер туралы айтып өтті. – Кәсіпкерлікті дамыту бағытында аз пайызды жеңілдетілген несиелер беріледі. Оған қол жеткізу үшін «Атамекен» ҰҚП жанынан ашылған «Бастау бизнес» жобасы арқылы 1 ай курстан өтеді. Онда тренерлер бизнестің қыр-сырына баулып, кәсіп ашудың тетіктерін жан-жақты түсіндіреді. Былтырғы жылы аудан бойынша 262 білім алушы болса, биыл 130-дай жұмыссыз жүрген немесе кәсіпкерлігі бар адамдарды оқытуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, бизнесті жаңадан бастағандарға өз ісін дамыту үшін қайтарымсыз гранттар ұсынылуда. Былтыр материалдық құрал-жабдықтар үшін берілген жеңілдікті ауданымызда 3 адам жеңіп алды. Биыл оның санын 10 адамға дейін өсіруді жоспарлаудамыз. Сонымен қатар, Жастар жылына орай оларға көбірек грант бөлу жөнінде тапсырма келіп жатыр. Оларға ұсынылатын қаржы 200 АЕК, яғни 500 мың теңгені құрайды. Бұл жеңілдік көпбалалы аналарға да қатысты екенін қаперге бергім келеді. Біз бүгінгі таңда округтерден сұрастырып, өз кәсібін ашқысы келетін 30 адамның тізімін жасап, тапсырыс беріп қойдық. Бұл мүмкіндіктерге қол жеткізу үшін «Бастау бизнес» жобасы аясында курстан өту қажеттігін тағы да ескертемін, - дей келе, орталық басшысы бағдарламаның үшінші бағыты әлеуметтік жұмыс орны, жастар тәжірибесі, қоғамдық жұмыс жөнінде егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті.

Ашық есік күніне қатысқан барлық азаматтарға, жеке және заңды тұлғаларға жұмыспен қамту мәселелері бойынша туындаған сұрақтарына нақты жауап беріліп, қажетті кеңестер ұсынылды.

А.Шакупова.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig