«Ас пісіретін адам іздейміз»

Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мен жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен «Caspian Offshore Construction Realty LLP» сервистік мекемесінің 20 мамандық 700 орынға сұранысы негізінде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.

Кәсіпорын кеңесшілері тұрғындармен пікірлесу барысында әсіресе ІТ-операторларды, аспаздарды, ас үй қызметшілерін қажет ететінін жасырмады. Осыған орай аталған мекеменің өкілдері алдағы уақытта Құрманғазы аудандық аграрлы техникалық колледжін тәмамдағалы отырған түлектермен, шалғай ауылдық округтегі жұмыссыз жастармен де көзбе-көз сөйлесіп, кездесулер өткізуді жоспарлайтындарын алға тартты. Арасында пробация есебіндегі 8, бас бостандығынан айыру орындарынан келген 1, жұмысқа жарамды мүгедек 3, жұмыссыз жүрген 14 әйел адам бар 95 азаматтың түйіндемелері қабылданды.

Ал оның ішінде нақты жұмысқа алынатыны 35 адамды құрайды. Сондай-ақ, бұл күні Құрманғазы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің келісімшартпен әскери қызметке жинақтау инспекторы А. Шариповтың ұйымдастыруымен Қарулы Күштердің әскери бөлімдеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке үміткерлер тарту бағытында түсінік жұмыстары жүргізілді. Оған облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінен арнайы келген келісімшартпен әскери қызметке жасақтау бөлімшесінің бастығы Марат Измағамбетов қатысты. Ол облыс көлемінде жыл басынан бері тек 10 адамның әскери қызметке кіргеніне үлкен реніш білдірді. Биыл да осы уақытқа дейін Құрманғазы ауданы бойынша бірде-бір азамат бұл бағыттағы жұмысқа орналаспаған. Яғни бөлімше басшысы өз сөзінде жастар арасында үгіт-насихат шараларын жандандырудың маңыздылығын алға тартты.

А.ШАКУПОВА.

Жарнама

rightbanner

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

big_banner