banerkzbig

Арыс қаласының тұрғындарына қаржы аударды

(0 Votes)

 Біржан Кенжебаев бастаған «Құрманғазы СДО» агро-өнеркәсіптік кәсіпорнының қызметкерлері өздерінің бір күндік жалақысын Халық банк арқылы «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорындағы арнайы есепшотқа аударды.

Арыс қаласындағы әскери қойма жарылып, одан шаһар тұрғындары зардап шеккені өздеріңізге мәлім.Осыған орай күллі Қазақстан халқы «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» арыстықтарға көмек қолын созуда. Одан біздің ауданымыз да тыс қалмады. Алғашқылардың бірі болып жомарт жанды азамат, аудандық мәслихаттың депутаты Біржан Кенжебаев бастаған «Құрманғазы СДО» агро-өнеркәсіптік кәсіпорнының 27 жұмысшы-қызметкерлері өздерінің бір күндік жалақысы, 60358 теңгені Халық банк арқылы «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорындағы арнайы есепшотқа аударды. Біржан ағамыз аударылған ақшаның түбіртегін көрсетті.

– Бейбіт күнде орын алған бұл жағдайды қабырғамыз қайысып қабылдадық. Мыңдаған адамдардың отбасы, ошақ қасынан бір сәтте айырылуы жанымызға қатты батты. Көңілге медеу тұтатынымыз адам өлімі мен жарақат алғандар аз екен. Аллаға шүкір дейміз, кездейсоқ қауіп-қатерден ешкім де сақтандырылмаған ғой. Алда не күтіп тұрғанын білмейсің. Тағы бір риза болғанымыз кейбір әскерилер халықты көшіруге белсене атсалысқан. Адамдар, балабақша тәрбиешілері бастарына қауіп төнгенде өздерімен бірге адасып қалған балаларды да алып шыққан. Олардың суреттерін әлеуметтік желі арқылы жариялап, қазір алды ата-аналарымен табысып жатыр. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та Арыс қаласына барып, зардап шеккендер жатқан ауруханада болып, халықпен кездесті. Мемлекет басшысының әлі де қатер тарқай қоймаған жерге тікелей өзі баруы – жарылыс орын алған жердегі мыңдаған тұрғындардың қамын ойлағаны деп есептеймін. Халықпен кездесуінде өз тарапынан мемлекетіміз зардап шеккендер үшін барлық көмекті жасауға әзір екенін, бүлінген үйлер қайтадан қалпына келтірілетінін жеткізді. Қазір кең байтақ еліміздің түрлі аймақтары арыстықтарға қаржылай, киім-кешек, дәрі-дәрмек және басқа да қажетті нәрселермен көмек көрсетуде. «Көл тамшыдан құралады», дегендей оған біздің шағын ұжым да үлесін қосып отыр. Мұны өзіміздің азаматтық борышымыз деп санаймыз, - дейді Біржан Ахунұлы.

Қанат ҒҰМАРОВ

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig