Ардагер-аналармен жарқын жүздесу

(0 Votes)

Нұржау жалпы орта мектебінің акт залында ауылдық аналар кеңесі, мәдениет үйі және білім ошағы бірлескен түрде «Әйел – әлем тірегі» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.

Оған ардагер ұстаз Жәннат Құрманғалиева, мемлекеттік қызмет пен білім беру саласының ардагері Сәркен Нұрғожина, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова, ата-аналар кеңесінің төрайымы, заңгер Ұлмекен Сапарова қатысты. Туған халқына қалтқысыз қызмет еткен аяулы жандардың ғұмыр жолдары жас ұрпаққа үлгі-өнеге, кемел тәрбие. Қонақтар жиналған аудиториямен пікір алмасу жастар бойында ұлттық мінез, ұлттық сана-сезім қалыптастыруға баса назар аударды. Сонымен қатар, қоғамдағы әке мен ананың рөлі, отбасы, ене мен келін тәрбиесі туралы жан-жақты ой қозғалды. Кездесудің екінші бөлімінде ауылдық мәдениет үйі мен Нұржау жалпы орта мектебі оқушыларының концерттік бағдарламасы тамашаланды.

А.Шакупова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521