Қанатты қыздың ортаға оралуы

(0 Votes)

Киров ауылдық клубының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Құрманғазы ауданының 90 жылдығына орай Халық Қаһарманы Хиуаз Доспановаға арналған мәдени шара өтті.

Оған Хиуаз Қайырқызының інісі Тарғын Доспанов арнайы шақырылды. Округ әкімі Олжас Тәжібаев алғы сөзінде кешегі Кеңес заманынан қалған округтің Киров атауын алғашқы ұжымшар «Жаңаталап», ал Дәшін ауылының атауын Зорматада дүниеге келген Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованың есімімен атау туралы ауыл тұрғындарынан ұсыныс түсіп, оң шешім тапқанын хабардар етті. Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы №40 қаулысы және Атырау облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 16 наурыздағы №197-VI біріккен «Атырау облысы Құрманғазы ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы» шешіміне сәйкес Киров ауылдық округі – Жаңаталап, Дәшін ауылы – Хиуаз болып өзгертілді. Шара «Қазақтың қанатты қызы» бейнефильмімен басталып, «Ерлік - елге мұра, ұрпаққа - ұран» атты концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Соңында Томановтың «Сыйланбаған сезім» лирикалық мұңды драмасы қойылды.

А.ҒҰБАЙДУЛЛИНА,

Киров ауылдық округі әкімі аппаратының хатшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521