banerkzbig

Аналар кеңесі - ұлағат мектебі

(0 Votes)

Алтынсарин атындағы жалпы орта мектепте аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия мен аналар кеңесі өткен жылды қорытындылау мақсатында семинар-кеңес өткізді.

Мақсаты – отбасылық құндылықтарды түсіндіру арқылы аналардың ұрпақ тәрбиелеудегі жауапкершілігін үлгі ету. Жаңаталап ауылдық округі әкімінің кеңесшісі Самиғолла Құбашев семинарды ашып, оған сәттілік тіледі. Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова қазақи отбасының ұстанымы, олардың өзіндік ерекшелігі, қыз, келін тәрбиесі жөнінде әңгіме өрбітті.

img_8622

img_8625

«Өнегелі ана – өнерлі қыз» атты баяндаманы аналар кеңесінің мүшесі Орынша Құмарғалиева ұсынып, тақырыпқа орай дайындалған бейнеролик назарға берілді. Онда семинарға қатысушылар осы Хиуаз ауылының тұрғыны, батыр ана Жамиға Әубекерованың қызы, ізін жалғастырушы, алтын қолды шебер Ғалия Рысқалиева жөнінде деректі тамашалады. Алаша тоқу өнерін жастайынан анасынан үйренген Ғалия сурет салудың да хас шебері. Оның шәкірттерімен бірге жасаған көздің жауын алар жұмыстары кез келген жанды таң қалдырмай қоймайды.

img_8633

img_8640

Отбасындағы ене мен келін арасындағы жарасымдылықты тілге тиек еткен Еңбекші ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Ақтілек Хамитова соңғы уақытта қоғамдағы өзекті мәселе ажырасу фактілерін цифрлармен сөйлетті. «Жеңге мен қайынсіңлі арасындағы үйлесімділік», «Абысын тату болса ас көп» тақырыптары туралы аудандық орталықтандырылған кітапхананың сектор меңгерушісі Людмила Рахметова, Ақкөл ауылдық округі аналар кеңесінің төрайымы Гүлбану Гайсина баяндама жасады.

img_8645

img_8665

Жүргізуші аудандық өнерпаз Гүлзада Жұмалиева әрі қарай семинар аталмыш мектеп пен Хиуаз ауылының мәдени қызметкерлері дайындаған концерттік бағдарламаға ұласатынын жеткізді. Ана туралы әндер кештің шырайын келтірсе, тәлім-тәрбиелік мәні зор «Сырлы жеңге, сұлу қыз», «Күміс білезік» көріністерін аудандық «Қайдасың бұрынғының бұрымдысы» байқауының жеңімпазы Ару Арманқызы, жеңгесі Шаттық Каримовамен, «Пай-пай, қазақтың келіндері-ай» байқауының бас жүлдегері Алмагүл Ажыханова енесі Гүлнар Исмагуловамен шынайы сомдады.

img_8646

img_8651

img_8671

Дүйсенғали Ғұмаров атындағы халық театрының әртісі Жазира Сәрсенғалиеваның оқыған «Ақ жаулық» монологы өте әсерлі шықса, аудандық фестивальдің жеңімпазы «Нұр шуақ» аналар тобы халық әндерін тамылжыта шырқады. Семинарды қорытындылаған аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова жыл бойы кеңестің жұмысына белсене араласқан нәзік жандыларға түрлі марапаттар табыстады.

img_8669

img_8654

А.Шакупова

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

strakhovaniya

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Айнагүл Шакупова

Шакупова Айнагүл
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


zairov

Зайров Қуаныш Ахылбайұлы
- Бет құрушы


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig