​​Алтынсарин мектебінің оқушылары республикалық додадан жеңімпаз болып оралды

(0 Votes)

Ауданымыздың Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектептің 5-6 сынып оқушылары Шымкент қаласында футболдан өткен республикалық мектеп ликасында жеңімпаз болып оралды.

Осыған орай, Ақкөл ауылындағы теміржол вокзалынан оларды аудан әкімінің орынбасары Өркен Тәжібаев, білім және спорт саласының жетекшілері, Жаңаталап ауылдық округінің әкімі Олжас Тәжібаев, мектеп әкімшілігі, ата-аналары және құрбылары күтіп алды.

a

​- Адам тәнінің сергек, әрі ширақ болуына бірден-бір себеп болатын құдіретті дүние бұл әрине - спорт. Қазіргі таңда елімізде салауатты өмір сүруімізге кепіл болатын осы саланың дамуы көңіл қуантарлық. Соның бірі жергілікті әкімдіктің сұранысымен аймақ басшысы Нұрлан Асқарұлының қолдауымен былтырғы жылы балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлық клубы ашылып, оның аясында бірқатар іс-шаралар атқарылуда. Нәтижесі ауыз толтырып айтарлықтай. Соңғы екі жылда аудан командасы облыстық лигада жүлделі І орынды иемденіп жүр. Ал бүгінгі қуанышты күннің жолы тіптен бөлек. Қыздарымыз Шым қалада өткен турнирде мұнайлы өңірдің намысын қорғап, ақтық сынға шығып, республикалық додадан жүлделі І орынды иемденіп отыр. Құтты болсын айтамыз. Бұл үлкен қажырлы еңбектің жемісті нәтижесі деп білеміз. Өздеріңізді жаттықтырған дене пәнінің мұғалімдері Асхат, Ербол ағайларыңызға, қолдау білдірген аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алмас Қайыржанұлына, балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының директоры Нұрболат Тағанқожаұлына, мектеп әкімшілігіне, ата-аналарға зор ризашылығымызды білдіреміз. ​

3

Сонымен қатар, Бегәлиев атындағы орта мектептің оқушылары да Семейде өткен республикалық спорттық жарысқа қатысып, үздік бестіктің арасынан табылып, ортамызға аман-есен оралып жатыр. Баршаңызға тек спорттағы алар шыңдарыңыз көп болсын! Жаратқан өздеріңізді әркез қолдап, енді халықаралық сайыстарда биік-белестерді бағындыруды жазсын! Жеңісті күндеріміз көп болғай! - деп аудан әкімінің орынбасары Ө.Тәжібаев құттықтау тілегін жеткізді.

{jcomments on}f

​Құрама ойыншысы Дильназ Наурызбай жарыстың тартысты өткенін, жеңіске деген күш-жігерлері оларды тек алға жетелегенін айтып, оңтүстік шаһардан көп достар тапқанына қуанатынын жеткзді. Жаттықтырушы Асхат Тұрдалиев бұл додаға еліміздің 7 аймағынан командалар келіп қатысқанын, оның 10 күнге созылғанын,өзінің оқушылары барлық кездесулерді 1:0 есебімен жеңгенін мақтанышпен атап өтті.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521