banerkzbig

Алты жүз мың адам пайдаланады

(0 Votes)

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектігі бар адамдар оңалтудың техникалық құралдары (ОТҚ) мен арнайы әлеуметтік қызметтерге «Әлеуметтік қызмет порталы» арқылы тапсырыс бере алады.

Мүгедектігі бар тұлғаларды оңалту құралдарымен қамтуға – протезді-ортопедикалық, сурдотехникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құралдар және сонымен бірге кресло-арбалар кіреді. Арнайы әлеуметтік қызметтерге жеке көмекшімен, ым тілі маманымен қамту және санаториялық-курорттық емделу жатады. Қазіргі күні ОТҚ мен жоғарыда аталған қызметтер мемлекеттік сатып алу арқылы көрсетіледі. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін оңтайландыру, сапасын арттыру және қызметтерді қолжетімді қылу мақсатымен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздің барлық өңірлерінде «Әлеуметтік қызмет порталы» енгізіледі.

Бүгінде техникалық құралдар және оңалту қызметтерін алуға мүгедектікті тағайындағаннан бастап 8 айдай уақыт кетеді. Бұл мемлекеттік сатып алу барысының ұзақтығына байланысты. Алушылар тендерлік жүйе мүгедектер үшін мүлдем қолайсыз екенін айтады. Жыл сайын қызметтер мен медициналық құралдардың сапасының төмендігіне жиі шағымданады. Порталды енгізу оңалту бағытындағы тұтынушылықты есепке алуда айқын еместіліктен арылтуға мүмкіндік тудырады. Және ең бастысы қызметтер мен оңалту құралдарының жеке тұтынушылардың қажеттілігіне сай келмеуін шешеді, өйткені мүгедектігі бар тұлғалар енді керек қызмет пен тауардың түрін өз бетімен таңдайды. Нәтижесінде порталды енгізу ОТҚ ұсыну мен арнайы әлеуметтік қызметтерді берудің мерзімін оларды белсенді тағайындаудың форматы арқылы 8 айдан 1-2 аптаға дейін қысқаратады. Мүгедектігі бар азаматтардың тілегіне сәйкес техникалық құралдар мен оңалту қызметтері төлемінің белгіленген құнын өтеу тетігі қаралған. Бұл қымбат тауарлар мен қызметтерді таңдағанда портал арқылы қосымша төлеу функциясы қолжетімді болады дегенді білдіреді.

Бұдан басқа сертификатталған мамандардың ауқымды шеңбері қолжетімді бола түседі, ал әлеуметтік-медициналық мекемелердің ортақ реестрінде олардың жабдықталуы және жүктелуі есепке алынады. Порталды енгізу үйден шықпай-ақ «бір терезе» арқылы дер кезінде оңалту құралдары мен қызметтеріне, әлеуметтік көмекке, сонымен қатар жеке қажеттіліктеріне, жеткізуші, әлеуметтік қызметкерлер және мамандар туралы мәліметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Бұған дейін хабарланғандай портал Ақтөбе қаласында пилоттық режимде іске қосылды және сәтті жүзеге асырылуда.

Еске сала кетейік, автоматтандырылған ақпараттық «Әлеуметтік қызметтер порталы» мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтары мен өмір сүру сапасын жақсарту Ұлттық жоспары аясында қаралып отыр. Аталған ресурсты Қазақстанның барлық қаласының тұрғындары, 400 мың адам мен 20 мың жеткізушілер пайдаланады деп жоспарланған. Бүгінде «Азаматтардың мобильді базасы», «Әлеуметтік реестр», «Мәліметтердің бірыңғай қоймасы», «Қазпошта» АҚ, «Еңбек келісімшарттарының біріңғай жүйесі», «Жылжымалы мүлік тіркелімі» ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру жұмыстары жасалып жатыр.

А.Иманкулова

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig