Қалтқысыз қызмет – халыққа!

(0 Votes)

Еліміздің жетекші партиясы жиырма жылдың бедерінде үлкен белестен өтті. Оның бәрі өзімен біте қайнаса өмір сүріп келе жатқан халықтың көз алдында. Осы уақыт аралығында партия өсіп, өркендеп, Тәуелсіз Қазақстанның барлық саласының қарқынды дамуына айрықша үлес қосты. Ел игілігі үшін ірі әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып, қоғамдағы бейбітшілік пен бірлікті сақтауда орасан зор рөл атқарды.

Қазіргі таңда партия жұмысының ашық және әділетті екеніне әркім-ақ сенеді. Осындай жұмыстарға етене араласқаныма аз уақыт болса да, көп нәрсенің оңтайлы шешімін тапқанына,халық жүрегінен жол тапқан партияның жарқын істеріне өзім куә болып келемін. Ел өміріндегі маңызды оқиға «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы аясында оның кезекті ХVIII съезіне делегат ретінде қатысудамын.

Съезде әлеуметтік қолдауды күшейтуге және азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға арналған бірқатар шаралар қарастырылды. Оның ішінде халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарының баспана жағдайын жақсарту мүмкіндіктерін арттыруға айрықша маңыз берілді. Бұл мақсаттарға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың таяуда жасаған Мәлімдемесінде айтылғандай, бюджеттен және Ұлттық қордан қомақты қаржы бөлінетін болады. Ал аталған істі лайықты жүзеге асыратын, халықтың күнделікті мәселелерін шешуге белсене атсалысатын партия мен жергілікті мемлекеттік органдар екенін әркезектен шығармауымыз қажет. Осыған байланысты Президент өз сөзінде «Нұр Отан» партиясының бөлімшелері «Халыққа көмек» жобасы аясында бюрократияға жол бермей, ашық, әрі әділ диалог жүргізіп, барлық санаттағы азаматтардың мүддесін бірдей қорғауға шақырды. Сонымен қатар, Елбасы халықпен тығыз қарым-қатынас орната білетін, елдің бет-бейнесі болғанмемлекеттік қызметшілердің жалақысын өсіруді тапсырды.

«Жергілікті атқарушы органдарда төменгі сатыда жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысын көтеруіміз керек. Олар облыстар, аудандар мен ауылдарда халықпен тығыз жұмыс істейді. Сондықтан осы санаттағы қызметкерлердің жалақысын 25 пайызға көтеруді тапсырамын. Әйтпесе, бізде орталық пен аймақтағылардың жалақысында үлкен айырмашылық бар. Ондай қызметкерлерге қолдау жасауымыз қажет», - деді. Президенттің айтуынша, әкімдік қызметкерлерінің жалақысын көтеру үшін 2019-2021 жылдары аралығында қосымша 980 миллиард теңге бөлінеді.Сондықтан алдағы уақытта мемлекеттік қызметте үлкен жетістіктерді бағындыруды көздеген, жалақысы жоғары, біліктілігі мен іскерлігін одан әрі жетілдірген азаматтар мен азаматшалар еселі еңбектерімен абыройға бөленіп, еліне сыйлы, халқына қадірлі болатынына сенімім мол.

Өмірболат Есенғазиев,

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521