banerkzbig

Алимент төлеуден жалтарған борышкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылды

(0 Votes)

Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі Қ.Қабдолов хабарлағандай, ағымдағы жылдың өткен мерзімінде Құрманғазы ауданы прокуратурасының ықпал етуімен алимент төлеуден жалтарған 2 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Атап айтқанда, аудан прокуратурасының ұсынуы негізінде борышкер А.Рыспаевқа қатысты (алимент берешегі 1,9 млн. теңге) ҚК-тің 139-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау), аудандық соттың 20.09.2019 жылғы үкімімен А.Рыспаев кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған.

Сондай-ақ, прокурорлық ықпал ету актісімен Н.Ажбенов ҚК-тің 139-бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылып, аудан прокурорының 03.06.2019 жылғы қаулысымен тараптардың татуласуына (борышкер 400 мың теңге алимент берешегін өтеді) байланысты іс өндірістен тоқтатылды (ҚПК-тің 35-бабы 1-бөлігінің 12-тармағы негізінде).

Құрманғазы ауданы прокуратурасының бастамасымен ұйымдастырылған «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің» нәтижесімен алимент берешектері бар 5 борышкер жұмысқа орналасып, 6 борышкер аудандық жұмыспен қамту орталығына жұмыссыздар ретінде есепке қойылды.

Жалпы облыс көлемінде прокурорлармен қабылданған шаралардың нәтижесінде алимент бойынша берешегі бар жұмыссыз борышкерлер саны 2,5 мыңнан 724-ке азайып, 100 млн. теңгеден астам берешек өтелді.

Атырау облысының прокуратурасы

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig