banerkzbig

Қалам иелеріне құрмет көрсетілді

(0 Votes)

Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерінің күніне орай облысымызда салтанатты шара өтті.

i

i

Қазақстан Журналистер одағы мен «Атырау-Ақпарат» ЖШС ұйымдастырған жиынға сала ардагерлері де қатысып, оларға және бір топ жастарға құрмет көрсетіліп, марапаттау рәсімдері жасалды. Қазақстан Журналистер одағының облыстық филиалының төрайымы Алма Қалусариева жиналғандарды келіп жеткен мерекемен құттықтап, өңіріміздегі атқарылып отырған жұмыстарды насихаттаудағы төртінші билік өкілдерінің рөліне тоқталды. Облыс журналистері барлық жаңалықты қалың бұқараға жеткізуде өзге өңірлерден кемшін түспей, түрлі салалар бойынша атқарылған жұмыстардағы жіберілген олқылықтарға сыни көзбен қарап, халық пен биліктің арасындағы алтын көпір рөлін абыроймен атқарып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар келесі жылы бұл мереке бөлек аталатынынан, бұл Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен мүмкін болғандығынан хабардар етті. Одан әрі ұлығылау рәсімін жасады. Ауданымызға белгілі қаламгерлер «Серпер» газетінің бас редакторы Таңатар Дәрелұлы «Қазақ журналистикасының қайраткері» медалімен, Қазақстан Журналистер одағының мүшелері Айбек Нәжімов Қазақстан Журналистер одағының Құрмет грамотасымен, Қанат Ғұмаров аталмыш одақтың облыстық филиалының алғыс хатымен марапатталды. «Қазақстан-Атырау» телеарнасының ауданымыздағы тілшісі Ақмоншақ Садыхованың аймақ жаңалықтарын таратудағы еңбегі еленіп, Қазақстан Журналистер одағына мүшелікке қабылданып, облыстық филиалдың алғыс хатымен ұлығыланды.

i

i

Келесі күні Индер аудандық «Дендер» газетінің 85 жылдық мерейтойы облыстық дәрежеде атап өтілді. Аталған ауданның бетке ұстар басылымы бұл мерекеге үлкен жетістіктермен келіп отыр. Әріптесіміз Жанай Амантурлин басқаратын газет өңірдің өзекті мәселелерін, тұрғындардың мұң-мұқтажын орынды көтеріп, мемлекеттік саясаттың жергілікті жерде жүзеге асырылуына белсенді түрде жұмыстануда. Түрлі айдарларында берілген материалдар газет қаламгерлерінің ерен еңбегінен, халықтың төл басылымына сенім артып, қолдап отырғанынан хабардар етеді. Оған мерекеге орай шыққан нөміріндегі материалдар да куә.

i

Салтанатты шарада облыс әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтау сөз сөйлеп: – Біз бұқаралық ақпарат құралдарындағы мамандардың, журналистердің, соны шығаратын техникалық қызметкерлердің, барлығын ұйымдастырып, жағымды жаңалықтар мен сыни хабарлар жеткізетін азаматтардың еңбегінің жемісін күнделікті көріп, естіп, оқып отырамыз. Бұқаралық ақпарат құралдарын жайдан-жай төртінші билік деп айтпайды. Себебі оның қоғамға ықпалы өте зор. Қазіргі таңда жаңа технологиялар интернет, әлеуметтік желілер өмірімізге енді. Бұрын күндеп, айлап жететін хабарлар лезде, бір-екі минутта тарап үлгереді. Жаңалықтарды дер кезінде таратуды шешу бойынша біз де өз тарапымыздан коммерциялық құрылымдарды және мемлекеттің меншігіндегі теле-радио компанияларды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге ықпалымызды тигізудеміз. Алда тұрған мәселе Атыраудан берілетін хабарларды алыс, шалғай елдерде тұратын ағайындарымызға, бауырларымызға жеткізуді қамтамасыз ету. Бұған мамандар қажетті қаражатты айтса, біз өз тарапымыздан бұл жұмысты ұйымдастыруға әрқашан дайын екенімізді сіздерге жеткізгім келеді.

i

Қазақ журналистикасының басында тұрған Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов, Мұхамеджан Тынышпаев және басқа да асылдарымыздың істерін қазіргі таңда сіздер жалғастырып келе жатырсыздар. Мен тағы да сіздерге өз ризашылығымды білдіремін.

Қ.Ғұмаров

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig