«Айгөлектен» жүлдемен оралды

(0 Votes)

Облыс орталығында өткен «Айгөлек» мектеп жасындағы балалар шығармашылығының фестиваліне ауданымыздан «Өркен» бөбекжай-балабақшасының бес жасар тәрбиеленушілерінен құрылған театр ұжымы қатысты.

Үлкен сахнада біздің бүлдіршіндеріміз «Қарлығаш туралы аңыз» қойылымын көрсетті. Бұған дейін бұл балалар аудандық фестивальде Гран-приді жеңіп алған болатын. Айта кетер жайт, балалар ертегі кейіпкерлерін шынайы сомдады. Қатысып отырған біздер жақсы әсер алдық. Халық та үлкен қошемет көрсетті. Нәтижесінде қала мен өзге аудандардан келген 300-дің үстіндегі қатысушылардың арасынан жүлделі екінші орынды және «Көрермендер көзайымы» номинациясын жеңіп алды. Балаларымыздың осы фестивальге қатысуына қолдау көрсеткен балабақша меңгерушісі Гауһар Ерболатқызына, оларды дайындаған тәрбиешісі Өтеғалиева Самалға ризашылығымыз шексіз. Алға қарай да ұрпақ тәрбиесінде осындай жетіс-тіктеріңіз көп болсын деген тілегімізді білдіреміз.

Бір топ ата-аналар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521