Адамгершілік абыройға жетелейді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Аманжол Қаженбаев дербес бөлім мамандарымен, округ әкімдерімен кездесіп, мемлекеттік қызметшілердің әдебі жайлы түсініктер берді.

- Мемлекеттік қызметші болу – зор құрмет, сондықтанда кәсібилікпен бірге жоғары адамгершілік қасиеттерге ие болуға тиіспіз. Әрдайым қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтар мен әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуы керек.

Мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытынан бөлек, бос уақытында да Әдеп кодексінің қағидаларын қатаң ұстануы міндетті. Оның ішінде қызметкер сыпайы, өзінің лауазымдық артықшылыған алға тартпайтын және жеке басының пайдасы үшін қолданбайтын, адал, баршаға ортақ қабылданған іскери стильге сай өзін ресми түрде ұстап, сабырлы, салмақты, ұқыпты болуы қажет. Қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің негізгі міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын тиімді пайдалануға тырысуы керек. Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуі, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуы қатаң сақталғаны жөн.

Аудан әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі(кадр қызметі) бөлімінің басшысы Әділбек Мусин, аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров, Мақаш, Ақкөл, Құрманғазы ауылдық округтерінің әкімдері Болат Мұфтахов, Бисенбай Рамазанов, Мұрабек Мұғалім өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды.

А.НӘЖІМОВ.

Жарнама

rightbanner

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

big_banner