Адамды ауыртып, айыппұл төлегенше...

(0 Votes)

Аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында «Халық арасында жұқпалы ішек аурулары және жаппай тамақтан уланудың алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді. Оған аудандағы мейрамхана және тамақтану орындарының иелері шақырылып, мәселені ортақ талқыға салды.

Атырау облысы бойынша қоғамдық тамақтану орындарында сальмонеллез ауруының 2 фактісі тіркелуіне байланысты, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Карл Отаров тазалық талаптарының қатаң сақталып, әр қызметшінің медициналық тексерістен өткізіліп, санитарлық кітапшаларының болуы қажеттігін айтып өтті.

Аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының құқықтық жұмыс ұйымдастыру және мониторинг бөлімінің басшысы Азамат Жандыбаев 2019 жылдың 11 сәуірінен бастап қолданысқа енгізілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы заңнама талаптарын түсіндірді. Оның негізінде адамдардың абайсыздан жаппай ауруға шалдығуына немесе улануына әкеліп соқпаған бұзушылық болған жағдайда, жеке тұлғаларға – 30, шағын кәсіпкерлерге немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 230, орта кәсіптік мекемелерге – 310, ірі мекемелерге – 1600 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатынын ескертті. Ал, бұл әрекетте адамның денсаулығына зиян келген кезде, бірақ қылмыстық жазаға әкеліп соқтыратын белгілер болмаса, жеке тұлғалар үшін – 200, коммерциялық емес ұйымдарға - 460, орта кәсіпкерлерге 620, ірі мекеме иесіне - 2000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салыну қарастырылғанын айтты.

Карл Отаров семинарды қорытындылай отырып, ауданымызда адам улану жағдайы тіркелмегендігін, алайда алдағы уақытта мұндай жағдай орын алмас үшін барлық сақтық шараларын жүргізудің маңыздылығын жеткізді.

Б. Қазиханов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521