banerkzbig

#ADALDYQ JOLYMEN ЧЕЛЛЕНДЖІ

(0 Votes)

Әлеуметтік желі қолданушылары арасында «Еріктілер жылы» аясында ұлы ойшылдардың рухани-адамгершілік құндылықтарын насихаттау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбымен #adaldyq Jolymen челленджі жүріп жатыр.

Бұл челенджді наурыз айында Актөбе ауылшаруашылық колледжінің студенті, жас ерікті Гүлжазира Асуова «Биыл жас ұрпақты адалдық пен парасаттылыққа, еңбек пен білімге құштар болуға тәрбиелейтін ұлы қазақ және түркі ойшылдарының мұрасына да зор мән берілуде. Мен өз өлеңім арқылы барлық қазақстандықтарды әлеуметтік індет болып саналатын жемқорлыққа қарсы күресуге шақырамын» деп бастап, эстафетаны «Ізгілік елшісі» жобасының волонтерлары мен барлық қазақстандықтарға жолдаған еді.

Бүгінгі күнге дейін челленджге республикамыздағы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің волонтерлары, университеттер мен колледж студенттері, мектеп оқушылары, кейбір мемлекеттік және мәдениет саласының қызметкерлері қолдап, Facebook және Instagram желілерінде бейнежазбаларын жариялады. Отансүйгіш әр азамат бұл бастаманы қолдап, өз үндерін қосады деген ойдамыз.

А.НӘЖІМОВ

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Күнтізбе

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21