«Абай сот» ауданымызда сахналанды

(0 Votes)

Биыл ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толғалы отыр.

Ол еліміз бойынша кең көлемде аталып өтеді. Осыған орай Батыс аймақтық халық театрлары фестивалінің лауреаты Орлы халық театры жерлесіміз, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, драматург-жазушы, «Парасат» орденінің иегері, республикалық Махамбет, Халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлықтардың иегері Рахымжан Отарбаевтың «Абай: Сот» атты 2 актілі, 4 көріністі трагедиялық драмасын сахналады.

img_7800

Реті келіп тұрғанда айта кетейік бұл драмасы туралы Рахымжан Қасымғалиұлы ауданымызға келгенде былай деп әңгімелеген еді: « Бұл шығармам 1995 жылы тұңғыш рет қырғыз сахнасында қойылып, жергілікті халық өте жақсы қабылдады. 1994 жылы Т.Әбдімомынов атындағы Қырғыз Ұлттық академиялық драма театрында тұңғыш рет Халықаралық Айтматов театры ашылды. 1995 жылы осы өнер шаңырағы «Жәмила» пьесасын сахналауға дайындалып жатты. Шыңғыс Айтматов Бельгиядан телефон шалып: «Театрды қандай қойылыммен ашасыңдар?» – деп сұрайды. «Жәмиламен», – деп жауап береді мұндағылар. «Жәмила» 25 жылдан бері қойылып жатқан қойылым ғой. Басқа не бар?», – деген Шыңғыс Айтматовқа қазақ драматургі Рахымжан Отарбаевтың «Абай: сот» деген пьесасы барын жеткізеді. Бұл – Абайдың 150 жылдық мерейтойы тойланатын жыл еді. «Жәмиланы» тоқтатыңдар. Қойылымның премьерасына өзім келіп қатысамын. Театрды «Абай:сотпен» ашыңдар», – дейді Шыңғыс Айтматов.

img_7810

Сөйтіп, Халықаралық Айтматов театры осы қойылыммен ашылды». Қойылымға Шыңғыс Айтматовтың өзі қатысып, Рахымжан Отарбаевқа батасын береді. Міне, Абайдың 170 жылдығында, арада жиырма жыл өткенде ол тұңғыш рет Р.Отарбаевтың туған жерінде сахналанып отыр.

img_7813

Енді қойылымға қайта оралайық. Оны сәтті шықты деп айта аламыз. Абай (Берік Жұмағазиев), Оразбай (Болат Бидоллаев), Ақмұрт ояз (Әнуарбек Қартжанов) және басқа да рөлдерді сомдаған театр актерлерінің өнеріне дән ризамыз. Жалпы Рахымжан Отарбаев ағамыз өзіне тән өткірлікпен бұл драмасында кешегі өмір мен бүгінгі заман бейнесін өзара байланыстыра сомдайды. Заман өзгергенімен Оразбай, Дүтбай болыс сияқтылардың бүгінгі қоғамымыздан табылатынын сынайды. Патша заманында мыңмен жалғыз алысқан Абай, жаңа дәуірде де өзін керексіз сезініп, жаны жабырқайды.

img_7817

img_7829

Кешегі күннен мысал келтірсек ақынның халық қамын жегені, мұңын мұңдағаны Ресей патшасының өкілі Ақмұрт оязбен Семейде кездесуінде айқын көрінеді. Ояз: «Абай Құнанбаевич! Әңгімені алдымен сізден бастайық. Міне, «Қазақ халқын жерінен айырды. Заңсыз алынды», деп арыз жазыпсыз. Арызыңыз Сенаттан өтіп маған келді», деп үш жүздің игі жақсыларының келісімімен қазақ жері Ресейдің қарауына өтіп жеке меншігі деп танылғанын айтқанда қатысып отырған болыс, байлар оны құптайды. Тек Абай ғана қарсылық танытып: «Яков Николаевич! Ол жарлықпен мен де таныспын. Бірақ сол кезде мына жерлерің Ресей мемлекетіне өздеріңмен бірге қосақталып өтіп жатыр. Келісесіңдер ме, жоқ па?», деп жалпақ жұрттан сұраған біреу болды ма?», дейді.

img_7840

img_7843

Не себепті қалың бұқараға жүретін Ресей заңдарының бай-болыстарды жазаламайтынын сұрағанда қатысып отырған байлар оған қол жұмсауға дейін барады. Бүгінгі заман көрінісінде Абай Құтбай әкімнің (Нұрхат Бралин) алдында отырады. Халыққа берген уәдесін орындамағанын жоғары жақтарға жеткіземін дегенін естіген әкім секем алып оның кім екенін сұрайды. Құдай екенін естіп көңілі орнына түскен оған ақын жекіп тастайды.

img_7845

img_7850

«Айна бар, тарақ бар. Алмасаңда қарап қал», деген сатушы әйелдерде саттықта ар мен ұят ғана жоқ болып шығады. Есесіне арамдық, арсыздық және басқалары бар екен. Оны сатып алушы да табылады. Осылай жалғастыра беруге болады. Бір ауыз сөзбен түйіндесек жалпы бұл драмада өмір шындығы көрініс тапқан.

img_7855

img_7857

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521