banerkzbig

Ақша айырбастау пункті ашылды

(0 Votes)

Ресей федерациясымен шекарада орналасқан Байда ауылдық округінің орталығы Котяев ауылы ауданымыздың, Қазақстанның батыс қақпасы.

Елімізге келгендердің бәрі осы елді мекеннің үстімен өтеді. Олар шекаралық өткізу пунктінен шығысымен алдынан заңсыз ақша айырбастаушылар қарсылайды. «Доллар бар ма? Рубль керек пе? Теңгеге ауыстырайын ба?» деп шапқылап жүрген біреу. Заңсыз ақша айырбастауға болмайтыны қанша рет түсіндірілсе де, олар өздерінің қызметіне сұраныс барын біледі. Шетелдік бірден соларға бұрылады. Айырбастау бағамын сұрап жатпайды. Сұраса да, олар өздері қойған бағамды айтады ғой. Себебі, мұнда оны көрсетіп тұрған ақша айырбастайтын орын жоқ. Бұл бір жағынан еліміздің де беделіне нұқсан келтіретін нәрсе еді...

Міне, осы олқылықтың орны ұлттық теңгеміздің шыққанына 25 жыл толуына орай толтырылды. «Қазпошта» АҚ Атырау облыстық филиалының Құрманғазы аудандық пошта байланысы торабы қаржыгерлер күні мерекесінде «Котяевка» шекара өткелінде валюта айырбастау пунктін ашты. Жаңа пункт сонымен бірге айыппұлдарды, бюджеттік, коммуналдық және банк төлемдерін қабылдайды. Бұл шетелдіктерге және Ресейге қарай өтетін өзіміздің ауданның тұрғындарына туғызылып отырған үлкен мүмкіндік.

Қанат ҒҰМАРОВ

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig