Ақкөл жастары аналарды құттықтады

(0 Votes)

Құрманғазы ауданы Жастар Ресурстық орталығының мұрындық болуымен Ақкөл жастары ауылдағы тылда еңбек еткен ақ жаулықты әжелерді және көп балалы аналарды құттықтады.

Бірінші кезекте тыл ардагерлерінің үйлеріне кіріп шығуды ұйғардық. Балалық шағында ойынның ләззатын алмай, жастайынан еңбекке араласып, ерте есейген ардақты әжелер қиыншылықты көп көргендерін, жоқтан бар жасағандарын, қазір сол көрген бейнетінің зейнетін көріп отырғанын жеткізді.Үлкендер біздерге батасын берсе, өз тарапымыздан оларға жылы лебімізді айтып, азғантай сыйлығымызды табыстап, аман-есен, ортамызда ақылшы болып отыруын тіледік.

Екінші кезекте еліміздің демографиялық ахуалының дамуына өз үлесін қосып отырған көп балалы аналарымыздың шаңырағына бас сұғып, халықаралық аналар мейрамымен құттықтап, мемлекетіміздегі жас отбасыларына сіздердің жолдарыңызды беріп, қазақтың қара домалақтары көбейсін деген тілегімізді білдірдік.

Осы бастамаға демеушілік танытқан теміржол саласындағы байланыс қызметін атқаратын «Транстелеком» АҚ ұжымына және жеке кәсіпкер Ерлан Нұрбаевқа Ақкөл жастары атынан алғыс айтамыз.

Елеусін Ибрагимұлы,

Ақкөл ауылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521