47,5 мың тұрғын онлайн арқылы тұрғылықты жері бойынша тіркелді

(0 Votes)

Ішкі істер министрлігімен көрсетілетін мемлекеттік қызмет, оның ішінде тұрғылықты жері бойынша және уақытша тіркеудің сапасын арттыру бағытында шаралар қабылдануда.

2015 жылдың аяғында республикада «Электрондық үкімет» порталы арқылы тұрғылықты жері бойынша тіркелу мүмкіндігі қолданысқа енгізілді. Өткен жылдан бастап онлайн режимінде уақытша болатын орны бойынша тіркелу мүмкін болды.

Аталған қызметтерді алу үшін портал арқылы жүгінудің артықшылығын айтып өткен жөн. Өтінім онлайн арқылы үйден немесе кеңседен шықпай беріледі, бұл ретте қызмет алушы ХҚКО-на баруға және кезек күтіп тұруға кететін уақытын үнемдейді. Өтінім беру үшін меншік иесі порталдағы жеке кабинетке кіріп, тіркеу және мекен-жайы бойынша қызметті таңдайды (елді-мекен, көше, үй немесе пәтер нөмірі).Одан кейін тіркеудің аяқталғандығы туралы жеке кабинетке хабарлама түседі.

Өтінім беруші меншік иесі болып табылмаған жағдайда тұрғылықты жері бойынша тіркелуге келісім алу үшін меншік иесінің жеке кабинетіне сауал жолдануы қажет. Ағымдағы жылдың 9 айында құжаттарды ұсынбай-ақ жаңа форматтағы «электрондық үкімет» порталы арқылы 47,5 мың адам, оның ішінде 29,7 мың адам тұрақты тұрғылықты және 17,7 адам уақытша болатын жерлері бойынша тіркелген. Сонымен қатар, тұрғылықты жері бойынша тіркелу процесін оңтайландыру мақсатында Ішкі істер министрлігімен төмендегі мәселелер пысықталуда:

-Балаларды портал арқылы тіркеу, оның ішінде белсенді түрде бала дүниеге (бала туылған кезде бір уақытта ата-анасының мекен-жайы тіркеледі);

-Болу орны бойынша уақытша тіркелу мерзімін ұзарту кезінде мобильдік құрылғысына сауал жіберу арқылы қызмет алушымен өзара іс-әрекет жасасу;

-Портал арқылы тіркелу кезінде ұялы телефонына СМС-хабарлама жолдау арқылы бір реттік паролды пайдалану (электрондық-цифрлық қолтаңбаға балама ретінде);

А.Дощанова, аудандық ІІБ-нің көші-қон қызметі бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521