300 адам тілек тілеп еді, 3 сағат жауын жауды

(0 Votes)

Жаратушыдан жалбарынып нұр тілеген еңбекшіліктердің маусым айында жасаған имандылық көрінісін бұл жолы Сафон ауылдық округінің тұрғындары лайықты жалғастыра білді.

Көктен нөсерлеп жауын-шашын жаууды сұраған ауыл әкімінен бастап мекеме басшылары бұл іске ұйымшылдық танытып садақаға үш қой малын арнап, құрбан етті. «Каспий таңы» өндірістік кооперативінің бастығы, туған жеріне әрдайым жанашырлықпен қарайтын, халық мүддесі үшін ештеңеден тайсалмайтын бәріне де даяр жаны жомарт азамат Бақыт Темиров дұға дастарханын «Димара» атты өзінің мейрамханасында тегін өткізуді ұсынды. Кіші жұмада жайылған ақ дастарханға 300-ге тарта тұрғындар жиналды.

Ауылдың имамы Құран аяттарынан құран-дұға бағыштап, Алла Тағаладан «жәрдем беріп, жерімізді, шартарапты ылғалдандыратын мол жауын нәсіп ет, егінімізді өсіріп, малымыздың сүтін молайт, бізді көктің берекеттеріне бөлеп, жер жүзінің берекеттерінен бізге ырыс бере гөр» деп тіледі. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманғали Сейтеков «ең бастысы еліміз аман, жұртымыз тыныш, көпшіліктің ортақ тілегі орындалсын» деген баталы сөзін арнады. Бұл лебіздерге де ауыл ақсақалдары қосылып, «Садақаны сауда бер» атты халық даналығына орай жүзеге асып жатқан игі істің қабыл болуын, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді. Округ әкімі Роза Шамарқызы бастаманы бірауыздан қолдаған мекеме басшыларына, басқосуға ұйымшылдықпен, ауызбіршілікпен жиналып отырған тұрғындарға өзінің ризашылығын білдірді. Бақыт Қарамалайұлы, Сабыржан Төлегенұлы, Нұрлан Мұфтоллаұлы сынды атпал азаматтар елдің тыныштығы мен амандығын, татулығы мен бейбітшілігін тіледі. Садақаны ұйымдастырушылардың бірі Хамидулла Темиров ұлтымыздың дәстүріне сай имандылыққа толы отырысты қорытындылады.

Міне, сауда берген садақа, көптің Жаратушыға жалбарынған тілегі оңынан туып, ауылда үш сағат бойы нөсерлі жаңбыр толассыз жауды. Күнге күйіп қуаңшылық тартқан орман, дала, алқаптың аңқалары қанып, бір жасап қалғандай болды.

А.ШАКУПОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521