Атырауда Абай тойы басталды

(0 Votes)

Атырауда Абайдың 175 жылдығына арналған салтанатты шара өтті, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атаулы шараға жазушы, драматург Роллан Сейсенбаев, белгілі жазушы-журналист Мереке Құлкенов, көрнекті ақын Светқали Нұржанов қатысты. Абайдың мерейтойын тойлауда «Абай жаққан бір сәуле өшпеу үшін » атты әдеби - музыкалық театрландырылған қойылым сахналанды. Аталған сахналық қойылым Ұлжан ананың ұлы Абайды өмірге әкелген сәті мен әкесі Құнанбайдың халықтан сүйінші сұрағаны, Құнанбайдың ұлына Ибраһим деп есім бергені және өмірінің жарқын сәттері көрсетілді.

abaj-eskertkish1

Мерекелік шарада облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов атыраулықтарды құттықтап, Атырауда ұлы ақын Абайға арналған ескерткіш орнатылатындығын жеткізді.

abaj-eskertkish2

abaj-eskertkish3

- ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын әлемдік деңгейде атап өтуді тапсырған болатын. Бүгін өңірімізде осыған орай салтанатты кеш өтіп жатыр. Абай - қазақтың ұлы тұлғасы. Абай - дана, Абай - дара қазақта. Сондықтан, Абайдың айтқан қара сөзі, әрбір өлеңі қазақ халқының қазынасы деп білеміз. Халыққа керек ақыл-ойларын өскелең ұрпаққа өсиет етіп қалдырды. Қаламызда қазақтың бас ақыны Абайдың 175 жылдығына орай ескерткіш орнатылатын болады. Ісіміз берекелі, еліміз мерекелі болсын, - деді аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.

abaj-eskertkish4

Сондай-ақ, кеш барысында Абай Құнанбайұлының "Көзімнің қарасы", "Айттым сәлем, Қаламқас" "Желсіз түнде жарық ай", т.б әндері орындалды.

abaj-eskertkish5

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет:ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521