banerkzbig

Құмар ойыннан сақ бол

(0 Votes)

Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу Департаментінің (бұдан әрі-Департамент) қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Атырау қаласының Авангард-4 мөлтек ауданында орналасқан ғимараттың бірінде заңсыз ойын бизнесін жүзеге асырған азамат «А»-ға қатысты құқықбұзушылықтың дерегі анықталып, жолы кесілді.

Ғимаратты қарау кезінде оқиға орнынан заңсыз ойын бизнесімен айналысуға арналған құралдар: 1 DVD-R диск, 4 монитор, 3 ойын терминалы және ақша қаражаты тәркіленіп алынды. 26.06.2019ж. - анықталған дерек Департаменттің Сотқа дейнгі тергеп-тексерулердің біріңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық Кодексінің 307 бабы 1 бөлімі «Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» бойынша тіркеліп, тергеп - тексеру амалдары жүргізіліп, айыптау қортындысымен қылмыстық іс сотқа жолданды.

22.10.2019ж. - Атырау қалалық №2 сотының үкімімен азамат «А» ҚР Қылмыстық Кодексінің 307 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған қатысты 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді және жазаны өтеу мерзімі ішінде 100 (бір жүз) сағат мәжбүрлі еңбекке тартылуға жазаланды. Егер, Сізде заңсыз ойын бизнесі туралы ақпарат болса - немқұрайлылық танытпаңыз! Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу Департаментіне 8 (7122) 35-42-10, 31-60-59 телефон арқылы хабарлауыңыз сұралады.

Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу Департаментінің Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасы

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig