banerkzbig

Электр желілеріне қосылу үшін техникалық шарттарды алу қажет

(0 Votes)

Соңғы жылдары біздің мемлекеттің қалалары мен облыстары белсенді жетілуде, жылдам қарқында жаңа шағын аудандардың, үйлердің, сауықтыру орталықтарының және басқа да кәсіпкерлік нысандарының құрылысы жүргізілуде.

Жоғарыда көрсетілген барлық нысандарды пайдалануға енгізбестен бұрын, олардың коммуникация желілеріне қосылуын қамтамасыз ету қажет, олардың ішіндегі маңыздыларының бірі электр энергиясына қосылу. ​

Жаңа енгізілген нысандарды қосу үшін ең бірінші кезекте энергия беруші ұйымнан электр желілеріне қосылу үшін техникалық шарттарды алу қажет. Дәл осы сатыда көптеген тұтынушыларда сұрақтар мен қиыншылықтар пайда болады, себебі біреулері техникалық шарттардың талаптарымен келіспесе, басқаларына талаптарды орындау қаржылық түрде мүмкін емес болып табылады. ​

Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ келесіні түсіндіреді: ​Электр желілеріне қосылу үшін техникалық шарттардыберу тәртібі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларымен белгіленеді. ​

Сонымен, бұл Қағидаларға сәйкес, электр желілеріне қосылу үшін техникалық шарттар тұтынушыға орнатылған нысандағы өтінімнің негізіне беріледі.

​Энергия беруші ұйым (бұдан әрі – ЭБҰ) тұтынушыдан өтінім алғаннан кейін техникалық шарттар қуаты 200 кВт дейінгі тұтынушыға - 5 жұмыс күнінің ішінде; қуаты 200 кВт - 1000 кВт аралығында- 10 жұмыс күнінің ішінде; қуаты 1000 кВт жоғары болса - 15 жұмыс күнінің ішінде беріледі. Техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу үшін төлем алынбайды. ​Тұтынушы техникалық шарттарда көрсетілген талаптармен келіспеген жағдайда, энергетикалық сараптама жүргізу үшін сараптама ұйымына жүгінеді. Сараптама ұйымы тұтынушының өтініші бойынша ЭБҰ келген кезде, ЭБҰ аталмыш тұтынушыға қатысты мәселелер шегінде барлық сұратылған мәліметтерді ұсынады. Тұтынушы энергетикалық сараптаманың техникалық шарттарда көрсетілген талаптарының дәйексіздігі туралы қорытындысы негізінде техникалық шарттар алу үшін ЭБҰ-ға қайтадан өтінім береді. Техникалық шарттарда көрсетілген талаптарды өзгертуден қайта бас тартқан жағдайда, тұтынушы азаматтық тәртіпте ЭБҰ әрекетіне шағым береді. ​

Сонымен қатар, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 301-1 бабына сәйкес, электр желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру тәртібі мен мерзімдеріне қойылатын талаптарды бұзу үшін және электр желілеріне қосуға арналған құжаттарды қабылдаудан және (немесе) техникалық шарттарды беруден бас тарту үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. ​

Осыған байланысты, ЭБҰ тарапынан электр желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру тәртібі мен мерзімдеріне қойылатын талаптар бұзылған жағдайда тұтынушы жоғарыда көрсетілген тәртіпке өз құқығынын қалпына келтіруге мүмкіншілі бар. Қазақстан Ресупубликасы энергетика Министрлігі атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Атырау облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы Айтқазиев Жасұлан Молдабайұлы баяндап берді.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

strakhovaniya

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Айнагүл Шакупова

Шакупова Айнагүл
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


zairov

Зайров Қуаныш Ахылбайұлы
- Бет құрушы


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig