"Батыс" өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Наурызды атап өтті

(0 Votes)

«Ұлыстың ұлы күні» мерекесін «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері атап өтті. Әскери бөлімдерде іс-шаралар, үй-жайлардың әсем безендірілуі, наурыз көже мен бауырсақ қосылған мәзір бойынша ерекше атмосфера сезіледі.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Бауыржан Артықов барлық жеке құрамды және олардың отбасыларын құттықтады, ал әскери бөлімдердің қолбасшылығы кезекшілікте жүргендерді Наурыз мейрамымен құттықтады. Тәулік бойы кезекшілік атқаратын мерзімді қызмет сарбаздарына ерекше назар аударылды. Лауазымдағы жауынгерлерге мықты денсаулық, тамаша көңіл-күй, жауынгерлік дайындықта табыс тіледі. «Мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті, оған барлық әскери қызметшілер белсенді қатысты. Осы мереке күні баршаңызды шын жүректен құттықтаймын, елімізде бейбітшілік пен амандық болсын, көктемнің жаңа бірінші күні әр отбасына сергектік, бақыт пен денсаулық сыйласын», - деді бригада командирі подполковник Азамат Сүлейменов.

Құрамада осы күні ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар және Наурыз мерекесіне байланысты басқа да іс-шаралар өтті. Спорттық жарыстардан, түрлі қойылымдар мен концерттерден басқа «тұсау кесу» рәсімі өткізілді. Әскери қызметкер аға-лейтенант Уәлихан Сүйірханның бір жасар қызы Амираның тұсауын, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Бауыржан Артықов кесті. Жүрекке жылы тиетін рәсім баланың үлкен, бақытты өмірге сапарының басталуының символына айналды. Ол туған жерінен, ата-анасынан басталады.

Сондықтан бұл күні сарбаздарға олармен араласуға мүмкіндік берілді. «Отбасы бейнеконырау» бейнесервисі арқылы әскери қызметшілер туыстарымен байланысқа шықты. Сарбаздар оларға әскери-есеп мамандығын игерудегі жетістіктері, бос уақыттары қалай ұйымдастырылғандығы және мереке күндері қалай өткені туралы айтып берді. Жаңалықтармен алмасып, олар бір-біріне ізгі тілектерін білдірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521