banerkzbig

Әлеуметтік жобалар белсенді жүзеге асуда

(0 Votes)

«Zhas project» жобасы аясында ұйымдастырылған форумда 70 әлеуметтік жобаны қамтитын көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Форум Жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Атамекен» ҰКП, «Даму» қоғамдық қорының өкілдері, мәслихат депуттары, үйлестіру агенттігінің қызметкерлері қатысушылар мен жоба тәлімгерлері қатысуымен өтті.

Жоба аясында Атырау облысында 257 жоба іске асырылды, онда 811 жас қатысып, өз жобаларын іске асыру үшін 1 000 000 теңге көлемінде грант алды.

leumettik-zhoba1

Жобаның негізгі мақсаты – жастарды, әсіресе осал топтарын қоғамға бейімдеу және нәтижелі жұмыспен қамтуға қажетті дағдыларды дамыту арқылы қоғамдық пайдалы қызметке тарту. Жоба 14-29 жас аралығындағы жастарға, яғни өз әлеуетін, өмірлік дағдылары мен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталған. Жобада ерекше басымдық жұмыс істемейтін және оқымайтын, сондай-ақ, жұмысы бола тұра, табысы төмен қатысушыларға берілді.

- Жоба шеңберінде әрбір топқа 1 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз грант бөлінген болатын. Сонымен қатар, әр топ қатысушысына 40-60 мың теңге көлемінде шәкіртақы төленді. Берілген жарты жылдық осы қараша айында аяқталады. Аталған жоба биылғы жылы Қазақстан бойынша 6 өңірде жүзеге асты. Ақмола , Батыс Қазақстан, Алматы , Маңғыстау , Атырау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаалсы. Өңірімізден 25-26 қарашада Нұр – Сұлтан қаласында өтетін республикалық форумға 15 іріктелген жоба барады, - дейді «Zhas project» жобасының Атырау облысы бойынша аймақтық үйлестірушісі Айжан Аралбекова.

leumettik-zhoba2

Әлеуметтік жоба іске асырылатын кезеңде мына бағыттар бойынша кіші жобалар ашылды: 42 білім беру орталығы, 36 ауыл шаруашылығының ет және сүт өнімдері, 36 демалыс орындары мен шығармашылық үйірмесі, 21 спорт орталығы мен фитнес клубы, 17 наубайхана, кондитерлік дүкен және кафе, 16 тігін шеберханасы, 15 сұлулық салоны.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет:ӨКҚ

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig