Өзіңді АИТВ-дан қорға!

(0 Votes)

1 желтоқсан – жұқтырылған иммун тапшылығы синдромына (ЖИТС-СПИД) қарсы күрес күні дүние жүзінде 1988 жылдан бері жыл сайын аталып келеді.

2018 жылдың 15 қарашасы мен 15 желтоқсан аралығында осы атаулы күнге орай «Өз мәртебеңді біл!» ұранымен іс-шаралар өтуде.

Адамның иммун тапшылығы вирусымен (АИТВ) миллиондаған адамдар толыққанды, ұзақ өмір сүруде. АИТВ-ға тексеру (тестілеу) – індет жұқтырғандарды ерте анықтап, емдеп, олардың өмірін сақтауға, өзін және айналасындағы адамдарды қорғауға мүмкіндік береді. Алайда, тестілеу жүргізуде әлі де кедергілер кездесуде. ЮНЭЙДС бағалауынша әлемде АИТВ-мен өмір сүретін 9,4 млн. адам өз мәртебесін білмейді. Індет жұққанын білуден қорыққан және қоғамның шеттетуінен жүрексінген адамдар АИТВ-ға тексерілуге бара алмайды, тестілеу құпия жүргізілетініне сенбейді. Көбі аурудың клиникалық белгілері пайда бола бастағанда ғана тексеріледі. Бұл АИТВ инфекциясы емінің кеш басталуына, дерттің алдын алу мүмкіндіктерінің азаюына әкеледі.

Атырау облыстық ЖИТС орталығында және барлық қалалық, аудандық емханаларда АИТВ-ға тестіден өтуге болады. Мұнда кез келген адамға анонимді түрде тегін тексерілуге де мүмкіндік бар. АИТВ-статусты білудің жалғыз жолы – қанды зертханалық тексеру. Облыс бойынша 2018 жылдың 10 айында бұл індетті жұқтырған 28 адам анықталса, оның 1-еуі шетелдік болып шықты. 1993 жылдан бері өсу нәтижесімен (кумулятивті) облысымызда 298 науқас тіркелсе, оның 66-ы шетелдік азаматтар.

Л.Өтепова,

Облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының журналисі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521