Нашақорлық – біздің жолымыз емес

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Құрманғазы ауданында мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың кезекті мәжілісі өтіп, оның төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Өркен Тәжібаев күн тәртібімен таныстырды.

«Мектеп жанындағы демалыс лагерлерінде оқушылар арасында нашақорлықтың, темекінің және алкоголизмнің зияны туралы лекциялар, семинарлар өткізу» туралы хабарламаны аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Құбаева жасады.

– Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, нашақорлықтың алдын алу, жасөспірімдерді қоғамдағы жат қылықтардан сақтандыру бағытында мектептерде 29 наркологиялық бекет жұмыс жасайды. Абай мектебінде «Дені сау ұрпақ – ел болашағы» тақырыбында «Нұртамшы» балалар қоғамдық бірлестігінің бастамасымен бір күндік акция өткізілді. Сондай-ақ, «Ең үздік наркобекет жетекшілерінің» байқауы ұйымдастырылып, нәтижесінде жеңімпаз атанған Гагарин атындағы жалпы орта мектебінің наркобекет тобы (жетекшісі Шынар Әнесова) облыстық додада І орынға ие болып, оған білім беру басқармасының арнайы марапаты ұсынылды. «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы «Менің таңдауым – саламатты болашақ» атты үздік театрландырылған қойылымдарды өткізді. Оған 18 ынталы топпен бірге жетекші мұғалімдер қатысты. Атырау қаласына жолдама алған Б.Бегәлиев атындағы жалпы орта мектептің оқушылары облыс сахнасында өз өнерлерін ортаға салып, «Ана» рөлін сомдаған 11 сынып оқушысы Д.Сәрсенбаева «Үздік актер» номинациясын жеңіп алды, - деді.

«Нашақорлықпен ауыратын адамдарға мемлекеттік наркологиялық клиникаларда емделуге және медициналық-әлеуметтік оңалтудан өтуге мотивация қалыптастыру бойынша қосымша шаралар қабылдау» туралы аудандық аурухананың нарколог дәрігері Т.Сисенәлиевтің хабарламасы тыңдалды.

– Аудандық нарколог дәрігердің есебінде 11 адам «нашақорлықтың каннабинондық» құзырымен тұрады, олар динамикалық тобына байланысты аудандық емханаға келіп, нарко тест ИХА-3-мульти-фактор арқылы қаралып, емін уақтылы алуда. Сонымен қатар, өзімізден көмек сұрап алдымызға келген жанды салауатты өмір салтын насихаттауға үгіттейміз. Санитариялық бетше шығарып, тұрғындарға тараттық. Жастар мен оқушыларды спорт, көркемөнер істеріне тарту бағытында түрлі шараларды ұйымдастырудамыз. Ауданымызда 2018 жылдың ІІІ тоқсаныныда нашақорлықпен тіркелген жасөспірімдер жоқ, - деді.

Құрманғазы АІІБ бастығы, полиция подполковнигі Е.Биғамбаев «Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлардың, балалар мен жасөспірімдер арасындағы наркологиялық бейін бойынша тәуекел топтарды ерте анықтап, олармен нақты жұмыстар жүргізу» бойынша өз хабарламасында:

- Ауданның полиция қызметкерлері психотроптық дәрі-дәрмек анықтайтын ауруханалармен тығыз байланыста жұмыс атқаруда. Аталған дәрілерді пайдаланылған шыны ыдыстар дер кезінде жойылып, әр ай сайын бір рет тексеріліп отырды. 2018 жылдың 9 айында ҚР ҚК-нің 296 бабымен 1 қылмыстық іс тіркелді. Сәуір айында ҚПБ-нің қызметкерлерімен Құрманғазы ауылының тұрғыны Р.Төлегеновтің тұрғын үйін тінту кезінде шамамен 12,0 гр. есірткі заты тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 296 бабы 2 бөлігімен аудандық сотқа жолданды, - дей келе, хабарламашы түнгі уақыттарда жедел қызығушылық тудыратын адамдарды анықтау кезінде наркологиялық тұрғыда тексеруге мүмкіндік болмай отырғаны жөнінде айтып, жұмыстарына қиындық келтіріп отырған Келесі кезекте аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Н.Бисенғалиев халықаралық нашақорлық күніне орай өткізілген түрлі шаралар туралы баяндады.

Соңында штаб мәжілісінің мүшелері тыңдалған хабарламаларды бірауыздан қаперге алып, алдағы уақытта ескеретін кейбір ұсыныстарын да ортаға салды.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521