Дәрігерлік пункттің жұмысымен танысты

(0 Votes)

Аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Ақтілек Хамитова мен сарапшысы Гүлден Еспанова Құрманғазы орталық ауруханасы емхана бөлімшесінің РТС ауылында жаңадан ашылған №19 жалпы дәрігерлік учаскесінде болып, жұмыс барысымен танысты.

Осындағы аға медбике Қама Бурмашеваның айтуынша бұл учаске Кадырка ауылын қоса алғанда 1852 адамға дәрігерлік көмек көрсетеді. Оның ішінде 693-і 15 жасқа дейінгілер. Олардың арасында 15-і мүгедек балалар. Кеңес төрайымы ғимарат ішін түгел аралап, осында орталық емханадан келген дәрігерлермен, емдеу барысымен танысты. Бөлмелердің алдында да біраз адамдар тұр. Дені жастар, дәрігерлік тексеруден өтуге келген балалы аналар, мектеп оқушылары.

Бізбен әңгімесінде аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Ақтілек Хамитова: – Елбасымыздың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген мақсаттарды өңірімізде іске асыру жөнінде облыс әкімі Нұрлан Ноғаевпен жедел жоспар бекітілген болатын. Жоспардың кейбір тармақтарын орындау Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестеріне тапсырылған. Оған ауылдардағы алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуді назарда ұстау да кіреді. Міне, осыған орай өзіміздің жұмыс жоспарымызды жасадық. Бүгін соның аясында РТС ауылындағы медициналық пунктке келіп отырмыз.

Аралау барысында білгеніміз мұнда жедел жәрдем көлігі қажет және компьютерлер жетіспейді. Жалғыз компьютер бар. Мұның өзі уақытқа және жұмыстарына зиянды әсер етеді. Қамтылатын мүгедектердің санын алып, олармен қандай жұмыстар жүргізіліп жатырғанын анықтадық. Оларға тегін дәрі-дәрмектер таратылатынын, дәрігерлер үйлерді аралап көмек көрсететінін естідік. Есепте тұрған 500 әйел адамдардың 4-і босануға рұқсат етілмегендер. 5 әлеуметтік жағдайы өте төмен отбасы тұрғындарына үйлеріне барып көмек көрсетіледі. Өкпе ауруына шалдыққан 4 адам осы учаскеден дәрі ішеді. Аналардың белгілі бір тобы құрғақ сүтпен қамтамасыз етілген. Амбулаторлық карта электронды түрде толтырылады. Қажетті құралдардың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай екендігін көрдік. Болашақта осындай медициналық пункттердің әр ауылда салынуына, олардың қызметінің халыққа қолжетімді болуына жергілікті басшылық орындарымен бірігіп жұмыстанамыз, - деді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521