60 жасында алдан көрінді

(0 Votes)

«Спорт жұлдыздары» республикалық ғылыми-әдістемелік журналы, «Қос Аққу» Әлия-Мәншүк атындағы спорттық-патриоттық клубы Ақтөбе қаласында, ерлер арасында үшсайыстан дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ел чемпионатын және Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданының әкімдігімен бірігіп жалпы білім беретін мекемелердегі ұстаздар арасында І жазғы спартакиадасын ұйымдастырды.

Екі жарыста да Гагарин атындағы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қайыржан Бимырзаев 50-59 жас аралығындағы сында жүлдегерлер қатарынан көрініп, дипломмен марапатталды. Өзі салауатты өмір салтын ұстанып, жас ұрпақтың да спортқа деген шексіз сүйіспеншілігін арттыруда ерінбей еңбек етіп жүрген ұстаздың бұған дейінгі жарыстарда алған марапаттары бір басына жетерлік. Бұл жолғысына да құтты болсын дейміз.

Қанат ҒҰМАРОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521